Тұтынушыларға ақпарат

Есеп туралы

Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Абай даңғ., 109В мекенжайында орналасқан «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI Заңының 25-бабының 6 және 9-тармақтарына сәйкес бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және Серіктестіктің ішкі нарыққа Кеңқияқ – Құмкөл магистральдық құбыры арқылы мұнайды айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға байланысты 2026 жылғы 1 жартыжылдықта тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында Серіктестік қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы алдағы есебін (бұдан әрі – Есеп) жария тыңдау нысанында өткізілетінін хабардар етеді.

Есеп 2026 жылғы 28 шілдеде сағат 11:00-де өткізіледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Абай даңғ. 109В, 12 қабат, конференция залы.

Есепке қатысушылардың тізімін жасау үшін 2026 жылғы 27 шілде сағат 11:00-ге дейінгі мерзімде қатысушылар туралы ақпаратты (аты-жөні, лауазымы, ұйымның атауы) электрондық мекенжайға: A.Duisengaliyeva@kcp.kz.

Байланыс ақпараты: +7 (727) 330 97 02 (Айгүл Дүйсенғалиева).

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI Заңының 26-бабы 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес, табиғи монополиялар субъектісі тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында келесі материалдарды орналастыруға міндетті:

Қор туралы, бос қуаттардың, сыйымдылықтардың, желілердің өткізу қабілеттілігі жерлерінің бар-жоғы туралы ақпарат;


«Кеңқияқ-Құмкөл» магистральдық құбырының қоры туралы, бос қуаттардың, сыйымдылықтардың, желілердің өткізу қабілеттілігі жерлерінің бар-жоғы туралы ақпарат.

Желілердің орналасу сызбасы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жататын мәліметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілердің немесе басқа мүліктің сызбалары;

Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жататын мәліметтерді қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат (объектілердің орналасқан жері, инвестициялық бағдарламалардың фотосы, бейне түсірілімдері, орындау мерзімі және іс-шараның құны қоса берілген орындалу барысы).