Тұтынушыларға ақпарат
Есеп туралы
Осы хат арқылы «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік), мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Абай даңғылы, 109В, Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI Заңының 25-бабының 6 және 9-тармақтарына сәйкес, Серіктестіктің бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есебін және 2024 жылғы тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында Қазақстан Республикасының ішкі нарығына Кеңқияқ- Құмкөл магистральдық құбыры арқылы мұнайды айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну жөніндегі тарифтік смета (бұдан әрі– Есеп) жария тыңдау нысаны түрінде алдағы есептің өткізілетіні туралы хабарлайды
Есеп 2025 жылғы 8 сәуірде сағат 11.00-де өткізіледі.
Өтетін орны: Алматы қ., Абай даңғ. 109В, 12 қабат, конференция залы.
Есепке қатысушылардың тізімін қалыптастыру үшін 2025 жылғы 7 сәуір сағат 11:00-ге дейінгі мерзімде қатысушылар туралы ақпаратты (Т.А.Ә., лауазымы, ұйымның атауы) электрондық мына мекенжайға жіберу керек: Z.Sarsenbayeva@kcp.kz
Байланыс деректері: +7 (727) 330 95 31 (Залина Сарсенбаева).
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI Заңының 26-бабы 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес, табиғи монополиялар субъектісі тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында келесі материалдарды орналастыруға міндетті:
Қор туралы, бос қуаттардың, сыйымдылықтардың, желілердің өткізу қабілеттілігі жерлерінің бар-жоғы туралы ақпарат;