Тарифтік саясат

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының бұйрығы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2007 жылғы 9 қаңтардағы №12-НҚ бұйрығына сәйкес «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС табиғи монополиялар саласындағы Мемлекеттік тіркелімнің республикалық бөліміне – мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральды құбырлармен тасымалдау, мұнайды магистральды мұнай құбыры жүйесімен айдау қызметі бойынша енгізілді.

Табиғи монополиялар туралы заңға сәйкес сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлармен мұнай тасымалдау қызметтері

Ішкі нарық

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС тұтынушылардың назарына ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2024 жылғы 29 қарашадағы №156-НҚ бұйрығына және «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру Қағидаларының 208-19-тармағына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2025-2029 жылдарға «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральдық құбыры жүйесі арқылы ішкі нарыққа мұнай тасымалдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке арналған тарифтердің келесі мөлшерде бекітілгені туралы ақпаратты жеткізеді:

2025 жылға – 1000 км-ге 1 тоннасына /3 338,49 теңге (ҚҚС-сыз);
2026 жылға – 1000 км-ге 1 тоннасына /3 690,48 теңге (ҚҚС-сыз);
2027 жылға – 1000 км-ге 1 тоннасына /3 693,05 теңге (ҚҚС-сыз);
2028 жылға – 1000 км-ге 1 тоннасына /4 202,89 теңге (ҚҚС-сыз);
2029 жылға – 1000 км-ге 1 тоннасына /3 769,47 теңге (ҚҚС-сыз);

Бұл ретте, 2025-2029 жылдарға бекітілген тарифтер деңгейінің 2024 жылға арналған тарифтің қолданыстағы деңгейінен төмендеуі қарыз қаражатының және ірі инвестициялық бағдарламаның жоқтығымен байланысты. Кеңқияқ-Құмкөл МҚ кеңейту жобасын іске асыру бойынша шешім қабылдау кезінде бекітілген тарифтер ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қайта қаралатын болады.

Экспорт

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Бас директорының 2016 жылғы 28 желтоқсандағы №29/82 бұйрығымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС магистральдық құбыр жүйесі арқылы мұнай айдау бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тариф 2017 жылғы 1 ақпаннан  бастап 1000 шақырымның 1 тоннасына 6 799 теңге (ҚҚС-сыз) шамасында бекітілді.

Транзит

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің (бұдан әрі – ҚР ЭМ) 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №485 бұйрығымен 2024-2033 жылдар кезеңіне Қазақстан Республикасының  аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ҚҚС-ты есептемегенде 1 тонна үшін 10,77 АҚШ доллары мөлшерінде ресей мұнайын жылына 10 млн. тонна Қазақстан Республикасы (Ертіс маңы) - Атасу (Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) шекарасы арқылы тасымалдау.

Сіздер тарифтер және тарифтік реттеу туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрлігінің  Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің www.gov.kz сайтынан ала аласыздар.