Кеңқияқ – Құмкөл
Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау сияқты үш облысы арқылы өтеді.
Қазақстан - Қытай мұнай құбыры жобасын іске асыру мақсатында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары аймақтарынан қытай нарығына мұнай жеткізуді қамтамасыз ету қажет болды.
Бұл мәселені шешу үшін 2006 жылғы 20 желтоқсанда Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы (CNPC) мен “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ арасында Қазақстан - Қытай мұнай құбырының екінші кезеңі құрылысының негізгі принциптері туралы келісімге қол қойылды.
2007 жылдың екінші тоқсанында «Қазақстан - Қытай мұнай құбыры құрылысының екінші кезеңі» инвестициялық жобасының негіздемесін әзірлеу үшін конкурс жарияланып, Қазақстан мұнай және газ тасымалдау институты жеңімпаз деп танылды.
Кеңқияқ – Құмкөл
Осы жоба шеңберінде Кеңқияқ – Құмкөл теліміндегі құбырдың екінші кезеңінің құрылысы, сондай-ақ онымен жапсарлас мұнай құбыры жүйелерін кеңейту мен жетілдіру бойынша жұмыстар басталды.
11 декабря 2007 жылғы желтоқсанда Ақтөбе облысының Кеңқияқ басты мұнай айдау станциясында Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры жобасымен таныстыру өтті. 2009 жылғы қыркүйек айында Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырының құрылысы аяқталды.
Барынша қысқа мерзімді ескере отырып, құрылыстың қызған кезінде жобаға құрылыс мердігер ұйымдарынан 2400 мамандар, оның ішінде: жобаны әзірлеушілер, техникалық кеңесшілер мен инспекторлар, құрылысшылар, тапсырыс берушінің өкілдері және 900 бірлік ауыр техника мен жабдықтар жұмылдырылды. Мұнай құбырының трассасы өте күрделі жерлерді - құмды жерлерден, 8-ші және 9-ші санаттағы жартасты топырақты қиып өтті. Осы ретте құбырдың барлық ұзына бойына орташа орналасу тереңдігі 2,5 метрді құрады. Температураның айтарлықтай төмендеуі, ұдайы күшті желдер, тасқын және жаңбыр суларының жоғары деңгейі сияқты қытымыр ауа райы да қосымша қиындықтар туғызды. Құрылысшылармен темір жолдар арқылы 4 өткел, автожолдар арқылы – 16 және өзендер арқылы – 10 өткел жасалды.
Технологиялар
Өткізу қабілеті
Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырының өткізу қабілеті жылына бастапқы кезеңде жылына 10 млн тоннаны құрады, кейіннен 20 млн тоннаға дейін кеңейту мүмкіндігі болды.
Мұнай құбырының орналасқан жері
Мұнай құбыры құрылысының орналасатын жерін таңдау кезінде жерді тиімді пайдалану, мұнай тасымалдау технологиясын сақтау, инженерлік қамтамасыз ету, елді мекендердің, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тарихи, мәдени және табиғи ескерткіштерді сақтау ескерілді.
Мұнай құбырының құрылысы барысында туындаған қиындықтар
Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырын салу барысында құрылысшылар көптеген қиындықтар кездескен еді. Құбырларды күрделі жерлермен (көшпелі құмдар, тақыр жерлер, сондай-ақ суармалы және егістік жерлер) төсеуге тура келді. Жоба бойынша мұнай құбыры биік болып келетін Мұғалжар тауларын кесіп өтті, сондықтан да мұндай жерлерде тесіп жару жұмыстарын жүргізілді.
Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры жобасын іске асыру үшін жұмылдырылғандар:
Алға қойылған міндеттер
Кеңқияқ-Құмкөл және Атасу-Алашанькоу магистральдық мұнай құбырлары құрылысының жобасын іске асыру мақсатында валюталық қарыздарды тартуды ескере отырып, Кеңқияқ-Құмкөл учаскесі бойынша 2010-2022 жылдар кезеңінде нақты төленген салықтардың сомасы көрсетілген кезеңдегі АҚШ долларына қатысты ұлттық валюта бағамының девальвациялануына және құрылуына байланысты алдын ала бағалаудан төменірек болып, салдарынан бағамдық айырмашылықтан айтарлықтай шығын келді, бұл сайып келгенде Серіктестіктің салық салынатын базасына әсер етті. Нәтижесінде, Серіктестік аталған кезеңде Кеңқияқ-Құмкөл учаскесі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің пайдасына шамамен 35,5 миллиард теңге көлемінде салық төледі.