31 шіл.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС өндірістік персоналды бағалау жүргізілді
2015 жылғы шілде айы барысында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС өндірістік персоналды бағалау жүргізілді.
Сынақтау мен кәсіби қызметтерін бағалау нәтижесі бойынша өндірістік блок қызметкерлерінің 16 пайызға жуығы Комиссия мүшелерінің күткенінен асып түсті.
Өндірістік персоналдың басым бөлігі – 72 пайызы – күткен деңгейге сәйкес.
Бағалаудан өткен қызметкерлердің 12 пайызға жуығы қанағаттанарлық нәтиже көрсетті.
Өндірістік персоналды бағалау бойынша Комиссия шешіміне сәйкес өндірістік блок қызметкерлеріне дамудың жеке жоспарын жасау ұсынылды.