17 шіл.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС қаза тапқан қызметкердің жанұясына қаржылай көмек көрсетті

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС 2012 жылғы қCNODCараша айында  әуе көлігі уақиғасы нәтижесінде қайғылы қаза тапқан қызметкер Сабиров Кенжебайдың жанұясына Алматы қаласынан 3 бөлмелі пәтер сатып алуға қаржылай көмек көрсетті.  

Қаза тапқан қызметкердің жанұясында кәмелетке жетпеген үш баламен (ұлдары  Батыр - 2004 жылы туған және   Арсен - 2006 жылғы, қызы Айлин - 2012 жылы дүниеге келген) жесір келіншек қалды, олар  өте қолайсыз жағдайда жатақханада тұрып жатты.  

Пәтер алып беру туралы шешім қабылдау «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС басшыларының  Серіктестік қатысушыларына: Қазақстан жағынан - «ҚазТрансОйл» АҚ-ға, Қытай жағынан – Мұнай мен газды барлау және өңдеу жөніндегі Қытай ұлттық корпорациясына  (CNODC) қаза тапқан қызметкердің жанұясына көмек көрсету туралы  жасаған өтініші мен олардың осы өтінішті қолдауы арқасында мүмкін болды. 

Осы мәселенің оң шешім табуына қаза тапқан қызметкердің жесірі Сабирова Ғалияның Алматы қаласынан пәтер сатып алуға көмек көрсету туралы бірнеше рет жасаған өтініші де септігін тигізді. 


 

Жаңалықтарға оралу