4 желт.
Серіктестіктің мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен кеңесі
2023 жылғы 30 қарашада «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-де 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша денсаулық, еңбек, қоршаған орта, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша кеңес өтті.
Іс-шараға Серіктестік басшылары, сондай-ақ мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мердігерлік ұйымдардың өкілдері, ҚХР Алашанькоу қаласындағы филиал қызметкерлері (конференц-байланыс арқылы) қатысты. Кеңес бас директор Тянь Айминь мен бас директордың Бірінші орынбасары С. Рзиевтің төрағалығымен өтті.
Жиналыс өте ауқымды тақырыптарды қамтыды және екі бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімде Е, ҚОҚ және ТЖ департаментінің директоры М.Гусмановтың «Өмірлік маңызды ережелер», «Қосарлы профилактика тетігі», Серіктестік объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 2023 жылғы 10 айдағы мердігерлік ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
Екінші бөлімде Е, ҚОҚ және ТЖ департаментінің директоры М. Гусмановтың «2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ЕДҚОҚ саласындағы Серіктестіктің қызметі туралы», ҚХР Алашанькоу қаласындағы филиал директоры «Алашанькоу» МЕТ-дағы 2023 жылдың 10 айындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау», Е, ҚОҚ және ТЖ департаменті директорының орынбасары А. Ахметованың «SPI Аудитінің нәтижесі бойынша түзету әрекеттері» сияқты баяндамалар оқылды.
Кеңесте сондай-ақ еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, өндірістегі қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметке қатысты проблемалық мәселелер талқыланды.
Қорытынды сөзінде Серіктестік басшылары кеңесті қорытындылап, аталған кездесулерді өндіріс қауіпсіздігі саласындағы жұмысты жақсарту, сондай-ақ сапалы және қысқа мерзімде шешілуі қажет проблемалық мәселелерді талқылау үшін үнемі өткізу қажеттігін атап өтті.