27 желт.

2023 жылғы өндірістік қызмет нәтижелері бойынша кеңес

2023 жылғы 22 желтоқсанда Серіктестік кеңсесінде Cеріктестіктің 2023 жылғы өндірістік қызметінің нәтижелері және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша кеңес өтті. Кеңеске «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс және Шығыс операторлық қызметтер басқармаларының өкілдері, Серіктестік басшылығы, өндірістік блок пен Е, ҚОҚ және ТЖД құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.


Бас директор Тянь Айминь және бас директордың бірінші орынбасары С.А.Рзиев алғы сөз сөйлеп, 2023 жылы Серіктестіктің өндірістік қызметінің қанағаттанарлық нәтижелерін, жазатайым оқиғалар мен апаттық жағдайлардың болмауын, сондай-ақ өндірістік персоналдың қауіпсіздігін, барлық жүйелер мен жабдықтардың жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын атап өтті.


Кеңес барысында «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер басқармасының бастығы       А. Н.Бешімовтың, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс операторлық қызметтер басқармасының бастығы      А. А. Үрпековтың, Серіктестіктің өндіріс жөніндегі бас директорының орынбасары                           М. К. Игалиевтің , Серіктестіктің Е, ҚОҚ және ТЖ департаментінің директоры     М. А. Гусмановтың баяндамалары тыңдалды.


Кеңесте өндірістік мәселелер, оның ішінде өндірістік процестерге тәуекелге бағдарланған көзқарас, магистральдық мұнай құбырлары объектілерін пайдалану үшін пайдаланылатын автокөлік және арнайы техниканы жаңарту, объектілердің техникалық жарақтандырылуын жақсарту, цифрландыру мен «жасыл технологияларды» кезең-кезеңімен енгізу және дамыту мәселелері талқыланды. Серіктестіктің құбырлары арқылы мұнайды тасымалдау жоспарларын тиісінше орындау мақсатында магистральдық мұнай құбырларының негізгі және қосалқы жабдықтарының үздіксіз, қауіпсіз және энергия тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ су тасқыны және күзгі-қысқы кезеңдерде өндірістік объектілерді жұмысқа дайындау бойынша барлық жоспарланған ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға басымдық бере отырып, 2024 жылға арналған міндеттерге көп көңіл бөлінді.


 

Жаңалықтарға оралу