19 қыр.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС объектілерін қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізілді
2023 жылғы 19 қыркүйекте Серіктестік кеңсесінде «ҚазТрансОйл» АҚ және SinoPipeline International компаниялары басшылығының өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС объектілерін қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
ҚҚҚ ЖШС-нің 2023 жылғы 8 ай үшін өндірістік қызметті қорытындылау мәселелері күн тәртібіне шығарылды, сондай-ақ Серіктестіктің 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңіндегі жұмысының қорытындылары бойынша баяндамалар тыңдалды.
Кеңес басында Серіктестіктің Бас директоры Тянь Айминьнің құттықтау сөзі тыңдалды, сөз барысында ол барлығын жиналысқа шақырылған қатысушылармен таныстырып шықты.
Серіктестік қызметкерлерінің баяндамаларында өндірістік және қаржы-шаруашылық қызмет бойынша негізгі деректер, оның ішінде есепті кезеңде мұнай тасымалдау; МҚ негізгі жабдықтарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету, куәландыру және диагностикалау жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ өндірістік блок шарттарының ағымдағы жай-күйі; HSE есебі; көктемгі су тасқыны кезеңінде МҚ объектілерінің жұмысқа дайындығы жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындау, сенімділікті қамтамасыз ету және күзгі-қысқы кезеңге дайындық; МҚ-ға құбырішілік диагностика жүргізу, олардың коррозиялық жай-күйін және коррозияға қарсы қорғау жай-күйін анықтау мақсатында МҚ-ны кешенді тексеру, сондай-ақ резервуарларды толық және ішінара тексеру; SCADA-ны жаңғырту жөніндегі жұмыстар; «Мұнайлы» қосалқы станциясын салу, сондай-ақ орындалған жөндеу жұмыстары бойынша өндірістік көрсеткіштер сөз етілді;
Серіктестік алдында 2023 жылдың соңына дейін ағымдағы мақсаттарды іске асыру бойынша міндеттер тұр, олар жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін МҚ пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарды орындауды; жоспарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізуді; МҚ объектілерін күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауды; диагностикалық жұмыстарды аяқтауды, SCADA жүйесіне деректерді беруді; «Мұнайлы» қосалқы станциясының құрылысын аяқтауды; SCADA жаңғырту жөніндегі жұмыстарын қамтиды.
Кеңес барысында ҚҚҚ ЖШС-нің 2023 жылғы 8 ай үшін қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері, оның ішінде өндірістік көрсеткіштер және HSE саласындағы көрсеткіштер туралы баяндамалар қабылдау туралы шешімдер қабылданды. Серіктестік жүргізген жұмыс қанағаттанарлық деп танылды. ББҰ жұмыс нәтижелері бойынша осындай есептік кеңестер жүйелі түрде, әрі баяндамаларда егжей-тегжейлі ақпарат көрсетіле отырып өткізілуі тиіс.
Есепті кезеңдегі мұнай тасымалдау көлемі мен жүк айналымы бойынша көрсеткіштер назарға алынды. Мұнайды тасымалдау жоспарларын орындау мақсатында Серіктестік пен «ҚазТрансОйл» АҚ алдына бірлескен жұмысты ұйымдастыру туралы міндет қойылды.
Серіктестік жыл соңына дейін және қысқы кезеңнің басына дейін барлық жоспарланған жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Жүргізілген құбырішілік диагностика есептерінің нәтижелері бойынша бірінші кезектегі сипаттағы ақауларды (ПОР) жөндеу жөніндегі жоспарды қалыптастыруға ерекше назар аудару ұсынылды.
Бекітілген инвестициялық бағдарлама және 2020-2024 ж. тарифтік сметасы шеңберінде Серіктестік пен операторлардың персоналымен қатар қосалқы мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерін оқу-жаттығу сабақтарының бағдарламаларына тарту мүмкіндігін қарау бойынша жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша; персоналды ықтимал қауіптер туралы хабардар ету және мәлімет беру, магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігіндегі жасырын тәуекелдерді сәйкестендіру жөніндегі жұмысты қамтуы тиіс HSE басқару бағдарламасын әзірлеу бойынша шешімдер шығарылды.
Әлемдік «жасыл» экономиканың дамуының жаңа үрдістерін ескеру, жаңа таза/ «жасыл» технологияларды іске асыру бойынша ұсыныстар мен шараларды әзірлеуге үлкен мән беру; атмосфераға парниктік газдар мен зиянды заттар шығарындыларын азайту мақсатында көміртегі ізін азайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылды.