17 қаз.
Экологиялық тақырыпта балалар байқауы өткізілді
Қазан айының басында еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар департаменті «Табиғатты сақта – қалдықтарды өнерге айналдыр!» атты өнер сайысын өткізді. Байқау «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС қызметкерлерінің балалары арасында өткізілді. Байқау қорытындысы 2023 жылдың 17 қазанында шығарылды. Іс-шараға балалар мен олардың ата-аналарымен қатар Серіктестіктің Бас директоры Тянь Айминь және бас директордың Бірінші орынбасары Рзиев Сәбит қатысты.
Құттықтау сөзінде басшылар экологиялық тақырып бүгінгі таңда ең өзекті екенін атап өтті, өйткені балалар – ғаламшарымыздың болашағы. Балалар өз түсініктерімен ғаламшардың болашақта қандай болатындығы тікелей өздеріне қатысты екендігін түсінулері өте үлкен маңызға ие.
Байқаудың тақырыбын балалар өз суреттерінде және қолөнерінде кеңінен атап өтті. Байқауға өз жұмыстарын ұсына отырып, балалар әлемді таза және әдемі ету үшін не істеу керектігін егжей-тегжейлі сипаттады.
Байқауға 7 жастан 17 жасқа дейінгі 18 адам қатысып, барлық қатысушылар жеңімпаз атанды. Балаларға арналған іс-шарада қоқысты қайта өңдеуге немесе қайта пайдалануға жарамдылығы үшін сұрыптау қажеттілігі туралы бейнефильм және өндірістік қауіпсіздік бойынша интерактивті мастер-класс көрсетілді.
Серіктестік қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының қолдауымен кішкентай жеңімпаздар естелік сыйлықтармен – сыйлық сертификаттарымен және тәттілермен марапатталды.