4 қыр.
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнін атап өту
Қазақстанда қыркүйектің бірінші жексенбісінде кәсіби мереке — Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Аталмыш мерекенің тарихы кеңес заманынан бастау алады, ал тәуелсіз Қазақстанда 2003 жылы Республика Президентінің жарлығымен кәсіби мереке ретінде ресми түрде бекітілді.
Мұнай-газ саласы – Қазақстан экономикасының жетекші секторларының бірі. Ол елдің жиынтық салық түсімдерінің, сондай-ақ экспорттық кірістердің едәуір бөлігін қамтамасыз етеді және тікелей шетелдік инвестициялардың көп бөлігі үшін қызығушылық секторы болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында саланың одан әрі дамуын қамтамасыз етуді және салаға инвестициялар тартуға ерекше назар аударуды тапсырды. Осы тапсырманы орындау үшін сала қызметкерлерінің қажетті білімі, тәжірибесі, біліктілігі мен құзыреті жеткілікті деңгейде. Мемлекет басшысының мұнай-газ саласын одан әрі дамыту бойынша алға қойған мақсаттарын іске асыру жолында әлі де атқарылуы тиіс жұмыстардың көлемі едәуір ауқымды.
Осыған байланысты Серіктестік қызметкерлерін Бас директор Тянь Айминь және Бас директордың бірінші орынбасары Сәбит Рзиев кәсіби мерекемен құттықтады.
Сәбит Рзиев өзінің құттықтау сөзінде: «2004 жылдан бері Қытай Республикасына мұнай тасымалдайтын және оны Қазақтан Республикасының ішкі нарығына жеткізу жұмыстарын орындауда біздің компанияның алатын рөлі орасан зор. Мұнай құбырлары пайдалануға берілген сәттен бастап Cеріктестік қызметкерлерінің күшімен мұнай құбырлары арқылы шамамен 250 миллион тонна мұнай тасымалданды. Бұл көрсеткіш тікелей ат салысушыларды және жалпы күнделікті еңбекті құрметтеуге шабыттандырады», – деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті, онда төмендегі қызметкерлерге мадақтама қағаздары ұсынылды:
– Арал АҚП ӨУ ауысым инженері Слямбаев Ерлан Қуандықұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен;
– «Атасу» ҚТП мұнайды есепке алу жөніндегі инженері Ақмағамбетов Тимур Ақмағамбетұлы, «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ Құрмет грамотасымен;
– қазынашылық департаментінің бас менеджері Сергей Владимирович Махров және тасымалдау департаментінің бас менеджері Искендеров Сабир Сафтар Оглы, «ҚазТрансОйл» АҚ Құрмет грамотасымен ;
– пайдалану жөніндегі атқарушы директор Чэнь Кай, пайдалану департаментінің пайданалу және сенімділік секторының менеджері Шеңгелбаева Лира Жұмабайқызы, «ҚазТрансОйл» АҚ Алғыс хатымен марапатталды.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Құрмет грамотасы Серіктестіктің 10 қызметкеріне табысталды, сондай-ақ «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Алғыс хатымен тағы 10 адам марапатталды. 2 қызметкер «Samruk Business Academy» ЖМ Құрмет грамотасына және Алғыс хатқа ие болды.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС басшылары әріптестеріне орасан еңбектері үшін алғыс білдірді және еңбек жолында жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі.