9 шіл.

Баскетболдағы үздіктер!

6 шілдеде Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері мен оның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдары арасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Астана күніне арналған Спартакиада болды.


Спартакиада «Ұлтымыздың саулығы – табысты келешегіміздің негізі» атты ұранмен өтті. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Батыс, Шығыс филиалдары, бірлескен орталық аппарат, «Бас ақпараттық-есептеу орталығы» мен «Ғылыми-техникалық орталық» филиалдары, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС командалары спорттың 9 түрінен: шағын футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, жүгіру мен аралас эстафета, үстел теннисі және бильярд бойынша жарысқа түсті.


«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС қызметкерлері шағын футбол, баскетбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика және биллярд сияқты спорт түрлеріне қатысты.


Үш күн бойына созылған командалардың табан тірескен күрестері нәтижесінде жарыстың әр түрінен жүйріктерді анықталды. «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС қыз-келіншектер арасындағы жүгіруден 3-орын (А. Түзелбаева), шағын футболдан 3-орын, ерлер арасындағы шахматтан 3-орын(С. Махров), үстел теннисінен 3-орын (Т. Ерімбетов) иеленді. Баскетболдан алған 1-орынды ерекше атап өтуге болады. Біздің баскетбол жасағымыз жоғары ойын дәрежесін, машықтанғандық пен дәл орындауларды көрсете білді. Баскетбол кубогы команда капитаны, бас директор А. Танатаровқа табыс етілді.


Өз қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын ұстану «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС кадр саясатының маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Серіктестік командасы «ҚазТрансОйл» АҚ өткізетін Спартакиадаларға қатысуды дәстүрге айналдырған.

Жаңалықтарға оралу