22 ақп.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Тексеру комиссиясын қолдайды

Тексеру комиссиясы 2022 жылғы 21 ақпаннан бастап «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Серіктестік Жарғысының 10-бабына сәйкес «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ның (бұдан әрі – Серіктестік) 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржы-шаруашылық қызметін тексеруге кірісті. Тексеру комиссиясы 6 адамнан тұрады: CNODC тарапынан 3 өкіл және «ҚазТрансОйл» АҚ тарапынан 3 өкіл. Алдын ала тексеру жоспарына сәйкес, «ҚазТрансОйл» АҚ тарапынан сарапшылар шақырылды - келсімшарттарды құқықтық сараптау департаменті директорының орынбасары және күрделі құрылыс және күрделі жөндеу департаментінің бас менеджері.


Серіктестік басшылығы Тексеру комиссиясына қошемет көрсетіп, Серіктестік Қатысушыларына бизнес және комплаенс-менеджментіне белсенді қолдауы үшін алғыс білдірді және Серіктестіктің барлық құрылымдық бөлімшелерін ынтымақтастыққа және Комиссия мүшелерінің алдағы жұмысына көмек көрсетуге шақырды.


Жыл сайынғы тексеріс 4 наурызға дейін жүргізіледі.


Жаңалықтарға оралу