19 желт.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнайды есепке алу инженері Элдар Искендеров — мамандық, жауапкершілік және отбасы туралы

2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды, бұл экономиканың негізгі салаларының тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін мамандардың рөлін көрсетеді. Мұнайды есепке алу жөніндегі инженер – маман осындай мамандықтардың бірі болып қала береді, оған көмірсутек шикізатын тасымалдау процестерінің дәлдігі мен сенімділігі тікелей байланысты.


123.JPG


«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнайды есепке алу жөніндегі инженер Эльдар Искендеров мұнай-газ саласында 15 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Ол Қарағандыда мұнайшының отбасында туып өскен. Оның айтуынша, еңбекті, тәртіпті және жауапкершілікті құрметтеу бала кезінен қалыптасқан және көбінесе оның кәсіби таңдауын айқындаған. Эльдар Искендеров көп салалы білімге ие. Ол ҚазТұтынуОдағының Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, кейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетін «стандарттау, метрология және сертификаттау» бағыты бойынша үздік бітірген. Кейінірек «Болашақ» Қызылорда университетінде мұнай-газ ісі бакалавры дәрежесін алды.


Оның айтуынша, гуманитарлық және техникалық білімнің үйлесімі кәсіби қызметте маңызды артықшылыққа айналды. Эльдар Искендеров мұнай-газ саласындағы жолын 2008 жылы мұнай құбырларын электрохимиялық қорғау саласында жұмыс істеп бастаған. 2010 жылы «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС компаниясына келіп, оператор-зертханашы лауазымынан бастады. Әрі қарай ол маман ретінде дәйекті дамып, 2013 жылдан бастап «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральдық мұнай құбырының «СаутсОйл» қабылдау-тапсыру пунктінде мұнайды есепке алу жөніндегі инженер болып жұмыс істейді.

Мұнайды есепке алу жөніндегі инженердің міндетіне тауарлық мұнайды қабылдау, қабылдау-тапсыру операцияларын жедел бақылау, сынамаларды іріктеуге және химиялық-талдамалық сынақтар жүргізуге қатысу, сондай-ақ мұнай сапасының мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін бақылау кіреді. Маманның айтуынша, бұл жұмыста ұсақ-түйек нәрсе жоқ – әр сан барлық тасымалдау жүйесіне әсер етеді. Эльдар Искендеровтың кәсіби қалыптасуына ерекше әсер еткен адам – мұнай-газ саласына қырық жылдан астам уақытын арнаған оның әкесі.


«Әкем ешқашан сөзбен үйретпейтін, - дейді Эльдар Искендеров. - Ол іс-әрекеттерімен үйретті. Жауапкершілік ұсақ-түйектерден басталатынын, қателесуге болатынын, бірақ немқұрайлылыққа жол берілмейтінін көрсетті.


Оның кәсіби деңгейі бүгін де мен үшін бағдар ретінде қала береді», - деп бөліседі Эльдар.


Инженердің айтуынша, алғашқы жұмыс күні егжей-тегжейлі есте қалмапты, бірақ жауапкершілік сезімі мәңгілікке сақталған. Маңыздысы – қателіктерге жол бермеу және әріптестерді ұятқа қалдырмау болды. Бірінші вахта бір мезетте қысқа да, шексіз де болып көрінді – жұмыс толық шоғырлануды және салмақты қарауды талап етті. Жылдар өткен сайын тәжірибе мен сенімділік пайда болды, олар тіпті стандартты емес жағдайларда да шешімдерді тез және нақты қабылдауға көмектеседі. Бұл ретте, Эльдар мойындағандай, мамандықты ауыстыру туралы ойлар оған да, басқа көптеген мамандарға да келіп тұрды.


Кәсіпкерлік және басқа да салаларда жұмыс істеу мүмкіндіктері қарастырылған, бірақ оның айтуынша, мұнай саласы оның күрделілігі мен жоғары жауапкершілігіне қарамастан «қанда бар».


Кәсіби қызметте отбасы үлкен қолдау көрсетеді. Жұбайы ол болмаған кезеңде тұрмыстық мәселелерді өзіне ала отырып, жұмыстың вахталық кестесіне түсіністікпен қарайды. Ұлы әкесінің жұмысына да түсіністікпен қарайды, бірақ әрбір қоштасу оңайға соқпайды. Инженердің айтуынша, вахтадан үйге оралған кезде, бұл барлық еңбек күндеріне мән беретін маңызды сәтке айналады.

«Жұмыс мінезді қалыптастырады, ал отбасы адамды қалыптастырады. Егер осы екеуінің арасындағы тепе-теңдікті сақтай алсаң, демек, бәрін дұрыс істеп жатырсың», - деп есептейді ол.


Ұлының болашағы туралы сөз қозғағанда, Эльдар Искендеров қатаң үміт артпайтынын атап өтті. Ең бастысы, мамандық таңдау кезінде – ол отбасының дәстүрін жалғастыратын болса да, немесе басқа жолды таңдайтын болса да саналы түрде жасалуы керек. Маманның пікірінше, жұмысшы мамандықтары экономиканың іргетасы болып қала береді. Мұнайды өндiру мен дайындаудан оны тасымалдауға дейiн барлық процестер нақты адамдардың еңбегiне сүйенедi. Бүгінде мұнай саласының бір бөлігі болу елдің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге қатысуды білдіреді. Бұл ретте сапаға, қауіпсіздікке және дәлдікке қойылатын талаптар үнемі өсіп отырады, ал олармен бірге әрбір маманның жауапкершілігі де артады.

Жаңалықтарға оралу