14 мам.
Командалық ойында дарындар ашылады!
Тимбилдинг - сәнді ойын-сауық деген пікірге қарамастан «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұны келешекке бағытталған еңселі еңбек деп түсінеді. Осы жылы корпоративтік шаралар барысында «құбыршылар» өздеріне ұнап үлгерген «Сегіз көл» демалыс орнында болып қайтты.
Осы сыртта өткен команда құру және компания ұжымын біріктіру шарасы бойынша алдын ала құрылған командалар ептілік, тапқырлық, жасампаздық пен реттелген әрекеттерді талап ететін әртүрлі сынақтардан өтті. Мысалы «Қаппен жүгіру» жарысында көбіне көмекші рөлінде болған ұнады, себебі ымырасыз жарыста ешбір команда жеңісті күрессіз бере салмай, жарысты бастау сызығында серіктерінің уақыттан ұтылып қалмас үшін бірлесе отырып қимылдап, көмек көрсетіп жатты. Асық алу ойыны - қатар қойылған асықтарды ұтып алуда жасаған ұрымтал талпыныстармен есте қалды.
Мықты жігіттер арқан тартуда жанкүйерлер қызығушылығын арттыра түсті. Алғашқы жарыстар ұжымды командада жұмыс жасауға ынталандырды, жарыста оза шабу рухын оятты.
Тимбилдинг жарыстарының ең айрықша болғаны «маршмелоу челендж» - лапша, скотч, жіп пен қайшы көмегімен ең биік құрылым жасау болды. Брейнсторминг және инженерлік ойды іске асыру барысын бақылау өте тартымды өтті. Команданың барлық мүшелері бір бірін көзбен, ыммен түсініп, белсенді ат салысты. Осы жарысқа бөлінген уақыт аяқталған кейін командалар жұмыстарын көрсетті. Әр құрылымның орнықтылығы, биіктігі мен жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарға кубоктар тапсырылып, ерекше көзге түскендерге құрмет грамоталары берілді.
Тимбилдинг туралы қызметкерлердің пікіріне қарағанда компания біз үшін маңызы зор шараны өте жақсы ұйымдастырды. Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және көмек көрсеткендерге алғыс білдіреміз! Барлықтарыңызға жақсы көңіл күйлеріңіз үшін рахмет!