19 желт.

Қазақстан-Қытай Құбырында пайдалану процестерін оңтайландыру жалғасуда

«Қазақстан-Қытай Құбыры» жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартуға және пайдалану процестерін оңтайландыруға бағытталған технологияларды пайдалануды жалғастыруда.


Photo_1.jpeg



Мәселен, ағымдағы жылдың қазан айында Қытай аумағында орналасқан Серіктестік филиалының Алашанькоу өндірістік учаскесінде технологиялық құбырларға жағуға арналған екі қабатты шыны мата мен бес қабатты эпоксидті құрамнан тұратын эксперименттік эпоксидті қорғаныс жабыны қолданылды. Ол технологиялық құбырлардың төрт учаскесінде пайдаланылды. Оқшауланған учаскелердің жалпы ұзындығы – 21 метр. Пайдаланылған материал мен орындалған жұмыстардың кепілдік мерзімі – 20 жыл.


Photo_2.jpeg



Жаңа жабынға жүргізілген сынақтар SY/T 6854-2012 стандартының талаптарынан асатын нәтижені көрсетті. Осының арқасында жабдықтың қызмет ету мерзімі ұлғайтылды, беріктігі арттырылды және технологиялық құбырдың климаттық және агрессивті әсеріне төзімділігі жақсарды. Қорғаныс жабынының жаңа құрамы төмен температурада жоғары қаттылықпен ерекшеленеді, ылғалдан, ультракүлгін сәуледен және химиялық белсенді ортадан қорықпайды, жаңа және қолданыстағы құбырларға жарамды, бетті минималды дайындауды талап етеді және қызмет көрсету шығындарын азайтуға көмектеседі.


Photo_3.jpeg

Жаңалықтарға оралу