24 сәу.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС наурыз мейрамын атап өтті

2015 жылғы 24 сәуірде «Аист» кешенінің аумағында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС«Наурыз мейрамы» және Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығын тойлауға, сонымен қатар Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен  еңбек майданы қатысушыларын құттықтауға арналған мерекелік шара өтті.


Мерекелік шара бағдарламасы әр түрлі мерекені жан жақты қамтыған – қызметкерлердің  мерей жасқа толуын атап өту, еңбек ардагерлерін  құрметті демалысқа шығарып салу және әртүрлі бәйгелер ұйымдастырылды.


Мысалы, көркем өнерпаздардың Наурыз мейрамы және Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған бәйгеге компания қызметкерлері мен олардың жанұя мүшелері қатысты. Бәйге міндеті -  «Той дастархан - наурыз көже», «Келін түсіру», «Тұсау кесу» және басқа да қазақтың ұлттық дәстүрлерін көрсету. 


Компанияның интернациональды ұжымында 14 ұлт өкілдерінің қызмет атқаратынын ескерсек, арнайы бағдарламалық көркем өнерпаздар бәйгесіне қытай мамандары - компания қызметкерлері  белсенді ат салысты. Бұдан бөлек,   мерекеде орыстың частушкасы, украин, татар және ұйғыр әндері шырқалып, кавказдың лезгинкасы мен қазақтың қамажай, аққу және басқа да билері көрсетілді. 


Бәйгенің жеңімпаздары мен жүлдегерлері құнды сыйлықтармен марапатталды.


Балалардың «Наурыз» - балалар көзімен»  және «Қазақстан халықтарының достығы» атты қол өнер бәйгесіне компания қызметкерлерінің 40-тан астам балалары қатысып, өз шығармаларында Наурыз мейрамының олар үшін ерекше, әрі әсем екендігін көрсетсе, келесі шығармаларында Қазақстандағы 130-дан астам ұлттың бейбіт те тату өмірлерін бейнеледі.


Қазылар алқасы бәйге қорытындысын шығарып, бәйге жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.


Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен  еңбек майданы қатысушыларын құттықтау ерекше орын алды. Мерекенің құрметті қонақтарын Д. Досанов -  Компанияның Бас директоры және Го И мырза -  Бас директордың бірінші орынбасары құттықтады.


Ардагерлер үшін соғыс жылдарының «Катюша», «Дорожка фронтовая», «Землянка» өлеңдері шырқалды, ал көркем өнерпаздар қатысушысының ең жасы – 5 жасар Сейсекенова Айрис «Жеңіс күні» өлеңін оқып берді. 


Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін салтанатты түскі ас ұйымдастырылды. Әрбір ардагерге гүл шоқтары мен сыйлықтар беріліп, материалды көмек көрсетілді. 


Бұдан бөлек, мереке барысында Алматы қалалық Ардагерлер кеңесіне  - Ұлы Отан Соғысының 70 ардагеріне демеушілік көмек көрсету үшін 3,5 млн теңге сомаға және Алматы қаласы Жетісу ауданының Ардагерлер кеңесіне  Жеңістік 70 жылдығына арналған мерекеге орай батырларды еске алу және көрме ұйымдастыру үшін 1,5 млн теңге сомаға тең сертификаттар ұсынылды.


Мереке жалпы қыдыру, балалар анимациялық бағдарламалары және атқа мініп жүру сияқты қызықты шаралармен аяқталды. 


Д. Досанов -  


«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС 


Бас директорының   


Наурыз мейрамындағы сөзі


24.04.2015ж.


 Наурыз мейрамыныңмың жылдық тарихы бар және қазақстандықтардың жақсы көретін мерекелерінің бірі.


Бұл мереке көктемнің басталғандығы және табиғаттың оянғандығын ғана білдіріп қоймай, сонымен бірге достық пен бейбітшілік және жарасымды көршілестіктің белгісі.


Наурыз  дастарқаны адамдарды бір біріне жақындастырады, оның дәстүрі адамның ең жақсы қасиеттерін – ақжүректілік,  бауырмалдылық, ілтипаттылықты, мейірімділікті жария етеді және рухани байытады.


Мереке күндері адамдар өз жетістіктеріне қуанып, келешекке жоспар құрады.


Биыл Наурыз Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығымен сәйкес келді, бұл туралы «Біздің Отанымыздың барлық азаматтары үшін бірдей мүмкіндіктер мен өмірде лайықты жағдайлар жасауға деген ұмтылысынан құрылған»,- деп Қазақстанның ел бірлігі Доктринасында  жазылған.  


 Бүгінгі таңда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың күшімен, оның ұлт аралық қарым қатынастар саласындағы мақсатты бағытталған саясатының арқасында Қазақ жерінде 130 ұлт өкілдері Қазақстанды өз отаны санап,  бейбіт өмір сүріп, еңбектенуде


 Бірлесе стратегиялық жоспарды жүзеге асырып, әр елдің дамуына ат салысып отырған   әріптестерімізҚытайлық серіктестеріміздің Наурызға қатысып қана қоймай белсенді ат салысып отырғанына ерекше қуаныштымыз.


Сіздерді Наурыз мейрамымен және Қазақстан Халықтары Ассамблеясының мерей тойымен шын жүректен құттықтаймын!


 Наурыз әр үйге бақыт, денсаулық, амандық әкелсін! Еліміз гүлдене берсін!


Сіздердің алға  қойған мақсаттарыңыз, жоспарларыңыз бен міндеттеріңіз орындаласын деп тілеймін, әрі солай болатынына сенімдімін!


Біздің елде достық, бірлік, өз ара сыйластық пен түсіністік нығая берсін, ал біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында -  бейбітшілік пен татулық орнасын!


Біздің Қазақстан-Қытай серіктестік қарым-қатынастарымыз  екі елдің даму барысындағы жаңа баспалдақ болсын.


Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!


Д. Досанов - 


«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС


Бас директорының   


Жеңістің 70 жылдығына орай


Ұлы Отан соғысы ардагерлері


мен  еңбек майданы


 қатысушыларын құттықтау сөзі


24.04.2015ж.


 Дүркіреген Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да, міне 70 жыл толды, дегенмен сол соғыс халық есінде және жүректерде мәңгілік сақталмақ.  


Бүкіл ел Отанды қорғау үшін сап түзді.  Соғыс оты шалмаған отбасын табу қиын.


Миллиондаған адам құрбан болып,  адам тарихын өзгерткен фашистік басқыншылармен болған сұрапыл соғыстағы Жеңістің маңызын адам айтып жеткізерсіз.


Қазақстан кеңес одағының Ұлы Отан соғысындағы жеңісін қамтамасыздандыруға бар күшін жұмсады, аса зор тауқымет көрді.


Соғыстың алғашқы сәтінен-ақ,  Қазақстан майдан арсеналдарының бірі болды. Қарағанды көміршілері тау-тау көмір жіберсе, мұнай өндіруші Орал-Ембі кәсіпорыны майданды сұйық отынмен қамтамасыздандырды,  соғыс жылдарында Қазақстанда 460 зауыт, фабрика, рудник, шахта және жеке өндірістер орналастырылып, құрылысы салынды. Қазақстан майданға миналар мен снарядтары, торпедалар мен бомбаларды, от атушыларды, радио станциялары мен басқа да қару жарақтар және әскери техникаларды жіберіп отырды.


Майданға 14 мыңнан астам жүк және жеңіл автокөліктері, 1,5 мың шынжыр табынды тракторлар және 110 мыңнан астам жылқы жіберілді.  


Майданға мыңдаған тонна нан мен ет, сол сияқты өндіріс үшін шикізат жіберіп отырған ауыл еңбекшілері: «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» - деген ұранды ұстана өмір сүріп, еңбектенді.


Соғыс кезінде Кеңес армиясы қатарына 1 млн. 200 мыңнан астам қазақстандықтар шақырылып, 20-дан астам атқыштар дивизиясы және басқа да құрамалар қалыптастырылды.  Жауынгерлік ерліктері үшін жүз мыңдаған біздің жерлестеріміз медалдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының батыры атағына ие болды, олардың ішінде екі қыз бала — Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық — Талғат  Бегелдинов, Сергей Луганский, Иван  Павлов және Леонид Беда екі мәрте батыр атағының иегерлері. 28-ші батыр – панфиловшылардың Москваға кіре берістегі теңдесі жоқ, жан қилы шайқасы барлық ұрпаққа үлгі.


Соғыстан соң Батыр жұлдызы біздің отандасымыз – ұлы қолбасшы Бауыржан  Момышұлына берілді.


Құлаған Берлинде Рейхстаг күмбезіне Жеңіс туын  қазақстандық Р. Қошқарбаев орналастырды.


Мыңдаған біздің отандастарымыз Курск және Сталинград түбінде, Москваға кіре берісте, Украина, Белоруссия, Прибалтика, Молдавия және Европа елдерін фашистерден босату барысында, жан аямас ерлік көрсетіп, қаза тапты.


Миллиондап көшірілген мамандар, олардың жанұя мүшелері, сонымен қатар босқындар қазақтар отбасын, қазақ жерін паналады.


Бүгінгі күні кейбір жеке тарихшылар соғыс тарихын қайта жазбақ болғанымен Ұлы Жеңіс бүкіл әлемге рух күші мен кеңес халқының бостандық пен елі үшін құрбандыққа дайындығының үлгісі болмақ және кеңестің әскери шеберлігінің вермахтан жоғары тұрғандығын көрсетті.   


Құрметті біздің ардагерлер, Сіздердің Жеңіске жетер жолда, қақтығыс алаңында және тылда қосқан үлестеріңіз бен көрсеткен табандылықтарыңыз және ерліктеріңіздің алдында бас иеміз!


Сіздер бізді бостандыққа жеткіздіңіздер, өзімізге сенуге, әскери және азаматтық борышты орындауға, өз Отанымызды шексіз сүюге үйреттіңіздер.


Бүгін біздер Сіздердің ерліктеріңізге лайықты болуға міндеттіміз, сондықтан Отанымыздың күшті де тәуелсіз, ал келешек ұрпақтардың өмірі бейбітшілікте және бақытты  болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз.


Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге бақыт, денсаулық, аманшылық және ұзақ өмір тілеймін! Аспанымыз ашық болсын!

Жаңалықтарға оралу