Денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау

Еңбекті қорғау

Біздің мақсатымыз – Серіктестіктің өндірістік объектілер мен кеңселеріндегі апатсыз жұмысты енгізу және қолдау. Серіктестіктің әрбір жұмыскері осы мақсатқа жетуге ұмтылады.

Біз жұмыскерлердің өмірін және денсаулығын қорғау саласында жоғары стандарттарды ұстанамыз. Оларды сақтау біздің жұмыскерлер мен мердігер ұйымдар үшін артықшылық болып табылады. Біз ең үздік компаниялардың алғы шептегі тәжірибелерін қолдануға әзірміз.

Біз алға қойған мақсатқа жету үшін еңбек қауіпсіздігін арттыру үшін тынбай еңбек етудеміз, өз жұмыскерлерімізді қорғауды ұйымдастыруға және компания басшылығының жауапкершілігіне баса назар аударамыз. Осыған байланысты жыл сайын еңбек жағдайларына, жарақаттанудың және кәсіби аурулардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызмет ҚР заңнамасының талаптарына және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік

Біз жұмыскерлеріміз, мердігер ұйымдарымыз, жергілікті тұрғындар мен қоршаған орта үшін мұнайды апатсыз және қауіпсіз тасымалдауды жүзеге асыруды өз міндетімізге аламыз.

Қоршаған ортаны қорғау

Біз өндірістік әрекеттерден болатын жағымсыз әсер етулердің әлеуетті мүмкіндігін толық сезінеміз және неғұрлым жоғары экологиялық қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге дайынбыз.