Мекемелер мен жұртшылыққа
Ұйымдар мен тұрғындар назары үшін «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС магистральдық мұнай құбырларының күзет аймағындағы жұмыстар өндірісі кезіндегі қауіпсіздік талаптары және тәртіп қағидалары туралы ақпарат
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Жетісу, Абай, Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда және Актөбе облыстары аумағынан өтетін Атасу-Алашанькоу және Кеңқияқ-Құмкөл магистральдық мұнай құбырларының (бұдан әрі – Меншік иесінің Мұнай құбырлары) иесі болып табылады (бұдан әрі – Меншік иесі)
Меншік иесінің Мұнай құбырларын Қазақстан Республикасының ұлттық операторы – батыс және шығыс операторлық қызметтер басқармалары көмегімен «ҚазТрансОйл» АҚ пайдаланады.
Меншік иесінің Мұнай құбырларының күзет және қауіпсіздік аймағы көлеміндегі жұмыстарды орындаудың техникалық шарттары – магистральдық құбырлар қызметін реттейтін заңнама мен нормативті-техникалық құжаттарға (Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбырлар туралы» заңы; Қазақстан Республикасының қағидалар жинағы - ҚР ҚЖ 3.05-101-2013 «Магистральдық құбырлар») сәйкес жасалған.
1. Меншік иесінің Мұнай құбырлары мен нысандарының техникалық сипаттамалары:
1.1. Меншік иесінің Мұнай құбырларының диаметрі – 813мм, қабырғасының қалыңдығы 8,7 мм-ден 11,9 мм-ге дейін, жобалық қысымы – 6,4 МПа, Меншік иесінің Мұнай құбырларының санаты – I-III (Меншік иесінің Мұнай құбырларының учаскелеріне байланысты), Меншік иесінің Мұнай құбырларының орналасқан минимальді тереңдігі – 2000 мм. Меншік иесінің Мұнай құбырлары көлік және темір жолдармен қиылысқан жерлерде диаметрі
1016 мм-лік болат құбырдан жасалған қорғау футлярына салынған.
1.2. Оптикалық - талшықтық кабель Меншік иесінің Мұнай құбырларының өсінен 9–9,5 м қашықтықта, өнім ағысының сол жақ бетінен 1,2 м тереңдікте өтеді, коммуникациялармен қиылысқан жерлерде Меншік иесінің Мұнай құбырларына жақындайды және Меншік иесінің Мұнай құбырларын қорғау футляры арқылы өтеді.
1.3. Трасса бойлық 10-кВ ЭБЖ Меншік иесінің Мұнай құбырларының өсінен 20 м қашықтықта, өнім ағысының сол жақ бетінен өтеді.
2. Меншік иесінің Мұнай құбырларының коммуникациялармен қиылысуы нормативті талаптарға сай жүзеге асуда.
2.1. Меншік иесінің Мұнай құбырларының коммуникациялармен қиылысуы 90о бұрыш жасай отырып орындалады.
2.2. Футлярды қайта жасау жағдайында ҚР МЕМ СТ Р 51164-2005 ТЖ «Болатты магистральдық құбырлар. Тот басудан қорғаудың жалпы талаптарына» сәйкес қорғау футлярын тот басудан электрохимиялық қорғау (протекторлық қорғау) қарастырылған.
2.3. Қиылысудың екі жағынан Меншік иесінің Мұнай құбырларымен қиылысуы туралы, сонымен қатар «Тоқтауға тыйым салынған» деген белгілер ҚР 3362-2019 СТ-на сәйкес орнатылады.
2.4. Меншік иесінің Мұнай құбырларының екі жағынан 5 м қашықтықтағы жер жұмыстары соғу құралдары мен ауыр техниканы қолданбай, қолмен жасалуы тиіс.
3. ТОБЖ кабелімен қиылысуы:
3.1. ТОБЖ кабелінің екі жағынан 3 м қашықтықтағы жер жұмыстары пайдаланушы ұйым өкілінің қатысуымен соғу құралдарын қолданбай, қолмен жасалуы тиіс.
3.2. Коммуникациялардың өз ара ТОБЖ кабелімен қиылысуы кезінде екеуінің арасындағы қашықтық 1200 мм-ден аз болмауы қажет. Қиылыстың екі жағына маркерлік сақтандыру бағандары орнатылуы керек.
4. Жоғарғы вольтті 10 кВ ЭБЖ-мен қиылысуы:
4.1. Жоғарғы вольтті 10 кВ ЭБЖ-мен қиылысуы Қазақстан Республикасының ПУЭ, ҚР ПТЭЭП және СНиП талаптарына сәйкес орындалады. ЭБЖ-мен қиылысудың екі жағынан құрылыс техникаларының қозғалысы мен биіктігінің шегін анықтайтын сақтандыру белгілерін қою қарастырылсын.
4.2. Жолдың жоғарғы бетінің нүктесі мен желінің салбыраған төменгі нүктесінің ара қашықтығы 7 м-ден кем болмауы қамтамасыздандырылсын.
4.3. Қиылысу кезінде - тиек іргесінен жол жайма төсеміне дейінгі көлденең қашықтығы тиек биіктігінен аз болмауы тиіс.
4.4. Істік оқшаулатқышы бар тиектерде сымдарға қос бекіткіш қолданылуы тиіс.
5. Жұмыс өндірісі:
5.1. Өндіріс жұмыстары әрекеттегі нормативтік құжаттар мен өндіріс жұмыстары жобасының (бұдан әрі – ӨЖЖ) талаптарына сәйкес жүргізілуі қажет.
5.2. Жұмыстарды жүргізуден бұрын Меншік иесінің Мұнай құбырлары және ТОБЖ кабелінің төсем тереңдіктері анықталады.
5.3. Қиылысты қайта көму қабат-қабат тығыздалып жүргізіледі, әр қабаттың қалыңдығы 30 см-ден аспауы тиіс.
5.4. Меншік иесінің Мұнай құбырлары мен оның нысандары қиылысындағы барлық жұмыстар пайдаланушы ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жасалуы қажет:
– Жетісу, Абай, Ұлытау, Қарағанды облыстары мен Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Арал аудандары бойынша – «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс операторлық қызметтер басқармаларының өкілдері.
Байланысу деректері: (тел./факс:+7(72833) 2 34 54, Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қ., Қасымжанов көшесі, 1).
- Ақтөбе облысы және бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер басқармаларының өкілдері.
Байланысу деректері: (тел./факс: +7 (7122) 931 951, +7 (7122) 931 697, Атырау қ., Орал тас жолы 5 км.)
6. Орналасу тереңдігін, Меншік иесінің Мұнай құбырлары пикетін, қиылысу нүктелеріндегі ТОБЖ-ны жобалауды бастаудан бұрын анықтап, толық сызбада көрсету керек. Меншік иесінің Мұнай құбырлары, ТОБЖ кабелі, ЭБЖ қиылысындағы күрделі жөндеу немесе өзге де жұмыстарды орындаудың толық сызбаларын (Меншік иесінің Мұнай құбырлары пикетін көрсете отырып) жұмыстар өндірісін бастағанға дейін Меншік иесімен келісу қажет.
7. Меншік иесінің Мұнай құбырларының коммуникациялармен қиылысу жерінде күрделі жөндеу немесе өзге де жұмыстарды орындау жұмыстар өндірісін бастағанға дейін Меншік иесінің Мұнай құбырлары, ТОБЖ және ЭБЖ күзет аймағында Меншік иесімен және пайдаланушы ұйымдармен ӨЖЖ-ні әзірлеп, келісілуі тиіс.
8. Меншік иесінің Мұнай құбырларының күзет аймағында жұмыстар өндірісі кезінде мыналарды:
8.1. Меншік иесінің Мұнай құбырлары (Меншік иесінің Мұнай құбырлары өсінің екі жақ бетінен 50 м), ТОБЖ және ЭБЖ күзет аймағындағы барлық құрылыс жұмыстары пайдаланушы ұйымдар мен Меншік иесі өкілдерінің қатысуымен жүзеге асыру;
8.2. Пайдаланушы ұйымдар мен Меншік иесін жұмыстар өндірісін бастаудан 10 (он) жұмыс күні бұрын жазбаша түрде хабардар ету;
8.3. Жұмыстар аяқталғаннан кейін екі жақты акт жасалып, бір данасын пайдаланушы ұйымдарға, көшірмесін Меншік иесіне жіберу;
8.4. UTM координат жүйесінде және биіктіктің балтий жүйесінде қиылысулар бойынша атқарушы құжаттарды рәсімдеп, Меншік иесіне беру қажет.
9. Техникалық шарттардан ауытқу тек Меншік иесінің рұқсатымен ғана орын алмақ.
10. Меншік иесінің Мұнай құбырларын пайдаланушы ұйымдардың барлық байланыс деректері Меншік иесінің нысандарындағы ақпараттық кестелерінде көрсетілген.
Магистральдық құбырлардың күзет аймағы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V «Магистральдық құбырлар туралы» заңы (бұдан әрі – Заң) магистральдық құбырды пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және магистральдық құбырды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Біз пайдаланудың қауіпсіздігі туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, адамдардың өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта жайлы айтып отырмыз. Сондықтан Заң магистральдық құбырлардың күзет аймағы, ең аз қашықтық деген түсініктерді қарастырған.
Күзет аймағы дегеніміз не?
Заңның 1 бабы 9 тармағына сай магистральдық құбырдың күзет аймағы – магистральдық құбыр объектілеріне іргелес жатқан және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құбыр объектілерін қауіпсіз және іркіліссіз пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасауға арналған, осы ауқымда аумақты белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне шектеу қойылатын немесе тыйым салынатын айрықша күзет және пайдалану жағдайларындағы (құрлықтағы және (немесе) судағы) аумақ. Сөйтіп, жәй сөзбен айтқанда, күзет аймағы тіршілік нысандары болмайтын жер, яғни адамдарға осы аймақта болуға тыйым салынған! Бірнеше магистральдық құбырларды бір техникалық коридорда орналастыру кезінде барлық магистральдық құбырлар үшін бірегей күзет аймағы белгіленеді.
Күзет аймақтары қай жерде орнатылады?
Заңның 14 бабы 2 тармағына сай:
- мұнайды, мұнай өнімдерін, табиғи газды, мұнай және жасанды көмірсутек газдарын тасымалдайтын магистральдық құбыр трассалары бойында – құбыр өсінің әрбір жағынан 50 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесінде;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде магистральдық құбырдың күзет аймағы құбыр өсінің әрбір жағынан 25 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектеледі;
- сұйытылған көмірсутек газдарын, тұрақсыз бензин мен конденсатты тасымалдайтын магистральдық құбыр трассалары бойында – құбыр өсінің әрбір жағынан 100 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесінде орнатылады.
Күзет аймағында нелерге тыйым салынады?
Заңның 14 бабы 5 тармағына сай:
- · бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі 35 сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
- кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
- автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
- мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
- магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
- ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
Ең аз қашықтық
Заңның 14 бабы 8 тармағына сай қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында магистральдық құбырға жатпайтын кез келген объектіні ҚР 3.05-101-2013 ТЖ «Магистральдық құбырлар» белгіленген ең аз қашықтық шегінде салуға тыйым салынады.
Тасымалданып отырған шикізат пен құбыр диаметріне байланысты ең аз қашықтықтың шегі 50 м-ден 300 метрге дейін белгіленген.
Осыған байланысты құбыр өсінің әрбір жағынан жақын ғимарат пен құрылыстарға дейінгі ең аз қауіпсіз қашықтық 50 м-ден 300 метрге дейін басталуы қажет.
Жоғарыда салынған тыйымдар мен шектеулерді қатаң түрде сақтауға шақырамыз, себебі бүгінгі күні сыртқы әсер ғана авариялық жағдайдың алғашқы себебі болып отыр, қауіпсіздікке төнер өзге қауіптер жоқ.