Қазақстан Орта Азиядағы көмірсутегі шикізатының ресурстарына өте бай ел болып табылады
Оларды ішкі және әлемдік нарықта толығымен пайдалану үшін қазақстандық мұнайды тұтынушы елдерге тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін дамыған жоғары технологиялық инфрақұрылым қажет.
Қазақстан мұнайын экспорттаудың неғұрлым келешекті әрі экономикалық жағынан тиімді бағыттардың бірі Қытай Халық Республикасының тез дамушы нарығы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) арасында кен орындарын барлау және мұнай құбырлары құрылысының жобалары туралы Бас келісімге қол қойылды.
Қытайда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның қатысуымен мұнай мен газ саласындағы екі жақтың ынтымақтастығын дамыту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасында Шектелмелі келісім жасалды.
“ҚазТрансОйл” АҚ мен Қытай ұлттық мұнай мен газды барлау және өңдеу жөніндегі корпорациясының (CNODC) шешімімен (тең үлес шартымен) “Қазақстан-Қытай құбыры” ЖШС құрылды.
Атасу - Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы жобасының тұсауы кесілді.
Бұл күні болашақ мұнай құбырының алғашқы екі құбыры салтанатты жағдайда дәнекерленіп жалғанды. Жоба бойынша Қазақстан Республикасының Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының және Қытай Халық Республикасының Шыңжан-Ұйғыр автономиялы округының аумақтарымен Атасу – Ағадыр – Ақшатау – Ақтоғай – Үшарал – Алашанькоу бағыты бойынша өтетін ұзындығы 965,1 шақырымдық құбыр құрылысын және қолданыстағы «Атасу» БМАС-ты қайта құру мен № 9 МАС құрылысын салу жоспарланды.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекара аймағында екі достастық мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын біріктіруді айқындайтын мұнай құбыры түйістіріліп “алтынмен” дәнекерленді.
Жобаға қатысушылардың орнықтыда жанкешті еңбектерінің арқасында мыңдаған шақырымға жуық құбырды төсеу рекордтық қысқа мерзімде аяқталды.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев тәуелсіз Қазақстанда салынған, әлемдік деңгейдегі алғашқы экспорттық мұнай құбырларының бірі болған Атасу – Алашанькоу құбырын салтанатты түрде іске қосты.
Атасу – Алашанькоу мұнай құбыры мұнай тасымалдау жүйесінің көпвекторлы стратегиясын жүзеге асырудың маңызды кезеңі болды, Қазақстанның мұнайлы аймақтарынан мұнай жеткізіп тұрудан өзге Ресей Федерациясының Батыс-Сібір өңірінен ресейлік мұнайды тасымалдау мүмкіндігі ашылды.
Қазақстанның мұнай және газ апталығын (Астана) өткізу кезінде “Алтын Прометей” номинациясы бойынша “Жыл жаңалығы” сыйлығымен мараптталуы “Қазақстан-Қытай Құбыры” компаниясының стратегиялық жобаны іске асыруда жеткен жетістігінің дәлелі болды.
Ақтөбе облысының Кеңқияқ станциясында “Қазақстан - Қытай” мұнайқұбыры екінші кезеңінің бірінші кезегі “Кеңқияқ – Құмкөл” телімінің құрылысы жобасының тұсауы кесілді.
Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов: “Энергетикалық қауіпсіздік мақсатындағы энергия ресурстарын тасымалдау біздің бұдан арғы тұрақты дамуымыз үшін қажетті ең маңызды мәселенің бірі болып табылады» деп атап өтті.