Атасу – Алашанькоу

«Атасу - Алашанькоу» мұнай құбыры құрылысының жобасы ауқымы және қиындығы жағынан, оны жүзеге асыру барысында біздің компанияның қол жеткізген теңдессіз тәжірибесі тұрғысынан алып қарасақ та шын мәнінде бірегей болып табылады.

Мұнай құбыры Қазақстан Республикасының төрт облысының аумағы: Ұлытау, Қарағанды, Жетісу және Абай , сондай-ақ Қытай Халық Республикасының аумағы арқылы өтеді

Бәрінен бұрын қаржыландыру мәселесі ойдағыдай шешілді.

Құрылтайшылар қалыптастырған өзіндік капиталдан өзге, сырттан да қарыздар тартылды. Осылайша, біз 2004 жылғы желтоқсанда ірі халықаралық банктер қатысқан байқау нәтижесі бойынша жалпы сомасы 600 млн долларға евробондтар шығара отырып, қарыз алдық. Оларды орналастыруды ұйымдастырған JP Morgan банкі болды.



Мердігерлер ретінде біз отандық және шетелдік компанияларды тарттық. Сөйтіп, «Қазақстан мұнай және газ институты» АҚ жобалау жұмыстары мен авторлық қадағалауды жүзеге асырды. Жобаға сәйкес мұнай құбырының жоларнасы Қарағанды облысының Атасу бекетіндегі мұнайқұю темір жол эстакадасынан қытайдың Шыңжан  провинциясында орналасқан соңғы Алашанькоу пунктіне дейін өтеді.



Ұзындығы 965,1 шақырымды құрайтын құбыр маршруты Қазақстанның Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумағына созылып жатыр. Құрылыс кезінде диаметрі 813 мм және қабырғасының қалыңдығы 7,9-дан 11,9 мм-ге дейінгі құбыр төсеудің жерасты әдісін қолдану жөнінде шешім қабылданды.

Атасу – Алашанькоу

«Атасу - Алашанькоу» мұнай құбыры құрылысына ең үздік қазақстандық және қытайлық мамандар қатысты.

Мұнай құбырының трансұлттық сипатын, жобаның ауқымын және күрделілігін ескере отырып, жұмыстарды орындау, желілік құбырларды шығару және қабылдау, жабдықтар мен материалдардың сапасын тиісінше бақылауды қамтамасыз ету үшін  Moody Inetrnational LLP (Ұлыбритания) мамандандырылған ұйымы тартылды. Оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамсыз етуші жоба менеджері ILF Engineering компаниясы (Германия) болды.



Барынша қысқа мерзімді ескере отырып, құрылыстың қызған кезінде жобаға құрылыс мердігер ұйымдарынан  2900 мамандар, оның ішінде: жобаны әзірлеушілер, техникалық кеңесшілер мен инспекторлар, құрылысшылар,  тапсырыс берушінің өкілдері және 1300 бірлік ауыр техника мен жабдықтар жұмылдырылды. Мұнай құбырының трассасы көбіне өте күрделі жерлерді: құмды жерлерден (100 шақырымнан аса), батпақты жерлерден (62 шақырымдай), 263 шақырымы жартасты топырақтан (оның ішінде 42 шақырымға жуығы 8-ші және 9-ші санатты) қиып өтті. Бұл ретте құбырдың барлық ұзына бойына орташа орналасу тереңдігі 2,5 метрді құрады. Температураның айтарлықтай төмендеуі, ұдайы күшті желдер, тасқын және жаңбыр суларының жоғары деңгейі сияқты қытымыр ауа райы да қосымша қиындықтар туғызды. Құрылысшылармен темір жолдар арқылы 3 өткел, автожолдар арқылы – 17 және өзендер арқылы – 14 өткел жасалды.

Технологиялар

Полиэтилен жабынды
қалыңдығы 3.2 мм
Адгезив
қалыңдығы 170 нанометр
Эпоксидтік ұнтақ
қалыңдығы 120 нанометр
Болат құбыр (Х60 болат)
диаметрі 813 мм, қабырғасының қалыңдығы11,9 мм

Әлемдік рекорд

Барлық жобаға қатысушылардың орнықты әрі жанкешті жұмыстарының арқасында 1000 шақырымға жуық құбырды төсеу жобасы рекордтық қысқа мерзімде аяқталды. Қазақстандық бас мердігер «Қазқұрылыссервис» МГҚК» АҚ-ның басқаруымен, CRC автоматтандырылған кешенін қолдана отырып, болат жіктерді дәнекерлеуден шексіз әлемдік рекорд орнатылды - бір жарық күнде 261 жік дәнекерленді.

813мм
Құбырлардың диаметрі
965 шақырым
Мұнай құбырының ұзындығы

Даму кезеңі

2005 жылғы 15 желтоқсанда ұлттық мейрам – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстан-Қытай экономикалық ынтымақтастығының жаңа кезеңіне бастау алған оқиға орын алды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев  «Атасу - Алашанькоу» халықаралық магистральдық мұнай құбырын  салтанатпен іске қосты.

Стратегиялық мәні

Президент Н.Ә. Назарбаев «Атасу – Алашанькоу» мұнай құбырының құрылысын «Қытай мен Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастығының шыңы» дей отырып, «бұл тәуелсіз Қазақстан салған әлемдік деңгейдегі алғашқы экспорттық мұнай құбыры. Оны пайдалану мемлекеттік және жергілікті бюджетке түсетін салықты айтарлықтай арттырып, республиканың экспорттық және транзиттік әлеуетін арттырады, жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етеді» - деп атап өтті.

Атасу – Алашанькоу мұнай құбыры жобасын іске асыру үшін жұмылдырылғандар:

2900
мамандар, оның ішінде: жобаны әзірлеушілер, техникалық кеңесшілер мен инспекторлар, құрылысшылар, тапсырыс берушінің өкілдері
1300
әр алуан машиналар мен механизмдер



850 млн$
жоба құны

Жобалық қуаты

2006 жылы шілдеде мемлекеттік комиссия актісімен Атасу – Алашанькоу магистральдық мұнай құбыры пайдалануға қабылданды, ал 2008 жылдың қараша айында Атасу – Алашанькоу магистральдық мұнай құбырының жобалық қуаты жылына 10 млн тонна мұнайға шығып, №9 МАС іске қосылды. 2011 жылдың желтоқсанында Атасу – Алашанькоу магистральдық мұнай құбырының жобалық қуаты жылына 12 млн тонна мұнайға шығып, №11 МАС-ты іске қосты. 2013 жылдың желтоқсанында Атасу – Алашанькоу магистральдық мұнай құбырының жобалық қуаты жылына 20 млн тонна мұнайға шығара отырып, №8 МАС-пен №10 МАС іске қосылды.

1

Резервуары

Площадка технологических трубопроводов и оборудования НПС

Общее укрытие магистральных насосных агрегатов