15 желт.

Жаса, қазақ тілі!

Тіл – бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениетке қосылған баға жетпес үлес.


Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС кеңсесі «Жаса, қазақ тілі!» атты іс-шараны дайындады.


Оның бір бөлігі елдің мәдениеті, тарихы және географиясы туралы білімге арналған викторина болды. Викторина жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табыс етілді. Оған Серіктестіктің қазақстандық және қытайлық қызметкерлері белсенді қатысты.


Шараның музыкалық бөлімінде Қазақстан эстрадасының белгілі орындаушылары: Сүлеймен Ибрагимов, Өмірқұл Айниязов, Тахмина Әшімбекова, Бақытжан Ауданбай және т.б. Іс-шара мерекелік фуршетпен аяқталды.

Жаңалықтарға оралу