28 сәу.
Біз Донор күнін өткіздік
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС басшылығына Қызыл Жартыай Қоғамының Республикалық Қан орталығымен бірлескен «Донор күні» акциясына қатысу туралы өтініш келіп түсті.
Қан донорларының және оның құрауыштарының жетіспеушілігі қоғамдық денсаулық сақтау құрылымдарының өзекті мәселелерінің бірі. Бейбіт өмірде де, төтенше жағдайларда да медициналық көмек көрсету мүмкіндігі мен сапасы «қан құтысын» уақытында толтырып отыруға байланысты.
Серіктестіктің Кадр саясаты департаментінің ұйытқы болуымен «Донор күнін» өткізу туралы бастамасына көптеген қызметкерлер қолдауға дайын екенін білдірді. «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС қызметкерлерінің осындай мәрттігі мұндай игі істерді дәстүрге айналдыруға дәнекер болатынын атап өту керек. Айталық, компания былтыр да өз кеңсесінде Қызыл Жартыай Қоғамы мен Республикалық Қан орталығының өтініші бойынша Донор күнін өткізген болатын.
«Донор күні» үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС кеңсесінде өтті. Мұнда РҚО-ның қан құю мобильдік станциясының бригадасы жұмыс істеді.
Біз ұжымымыздың қан құюға мұқтаж ондаған адамның өмірін сақтап қала алатынын мақтан тұтамыз!