19 там.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-да мемлекеттік тілді білу деңгейіне арналған викториналық конкурс өткізілді
Конкурсқа Серіктестіктің қазақ тілін үйрену курсының тыңдаушыларынан құралған 6 команда қатысты. Конкурсқа қатысушы командалар қазақ тілін оқып-үйрену деңгейлері бойынша іріктелді. Конкурс бағдарламасы командалардың таныстыруы, «Кім жылдам?» сұрақ-жауап викторинасы, мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне әдеби тілде аудару, жағдаяттық диалог түріндегі көрініс, шашыраңқы сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастыру, шығармашылық қойылым сияқты 5 тапсырмадан тұрды.
Конкурсты ұйымдастыру барысында қызметкерлер қазақ тілін білу деңгейлерін ғана көрсетіп қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен, мәдени мұраларынан да хабардар екендіктерін көрсете білді. Кейбір командалар шуақты әзілдерімен, жасампаздылығымен ерекше көзе білді.
Конкурс нәтижесі бойынша үздік командалар мен белсенді қатысушыларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Осындай мерекелік шараларды өткізу ұжымдық бірлікті қалыптастырып, қызметкерлердің ұлттық салт-дәстүрлерді танып-білуіне бейімділігін оятары сөзсіз. Алдағы уақытта мұндай конкурстарды Серіктестікте жиі өткізу жоспарланып отыр.
Бұдан өзге, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-да мемлекеттік тілді енгізу және дамыту мақсатында тұрақты қазақ тілін оқу курсы ұйымдастырылғандығын, сабақта дидактикалық аудио-бейне материалдар, «Қазтест» оқу материалдары пайдаланылатындығын айта кету керек.