19 нау.

Серіктестік тұтынушылар алдында есеп берді

2024 жылғы 19 наурызда «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2023 жылғы ішкі нарыққа Кеңқияқ-Құмкөл магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнайды айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну бойынша тарифтік сметаны ұсыну бойынша Тыңдау өткізді.Серіктестіктің баяндамасы қоғамдық тыңдау түрінде өтті.


Тыңдауға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның өкілдері, сондай-ақ Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.


Бұл есеп «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 6-тармағының талабына сәйкес жүргізілді.

Жаңалықтарға оралу