15 желт.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШСкеңсесінде салтанатты жиналыс өтті. Жиналыста Бас директор Димаш Досанов ұжымды ұлттық мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге «ҚазТрансОйл» АҚ мен Серіктестіктің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарынтабыс етті.
Еңбектегі табыстары, жоғарғы кәсіби біліктіліктері, Серіктестіктің дамуына қосқан үлестері және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай бірнеше қызметкерлер марапатталды.
Сондай-ақ, компанияның он жылдық тарихындағы еңбек ардагерлеріне:магистральдық мұнай құбырларын пайдалану блогындағы өндірістік процесті ұйымдастыру, соның ішінде Атасу-Алашанькоу жобасы бойынша кеңесші Р.М. Тазеевке, «Саутс Ойл» ҚТП мұнайды есепке алу жөніндегі инженері А.В. Мигуновқа, Жобаны басқару тбының көлік жүргізушісі Ф.Г. Абдуллингезейнеткерлік демалысқа шығуларына байланысты салтанатты түрде құрмет көрсетілді.
Бас директор Д. Досанов еңбек ерлерін құттықтап, құттықтау хаттарын, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.
- Осынау салтанатты күн біздің құрметті ардагерлеріміз үшін ғана есте қалмасы анық, неге десеңіз, осы кісілердің әр қайсысы ұзақ жылдар бойы бар күш-жігерін, білімі мен шеберлігін компаниямыздың қалыптасуына және дамуына арнады. – Бұл күн біздің жас мамандар үшін де маңызды, өйткені олардың алдында үлкендердің еңбек жолын жалғастыру және өздерінің күнделікті еңбектерімен Серіктестіктің халықаралық беделін, іскерлік абыройы мен корпоративтік рухын нығайту міндеті тұр»деп атап өтті Д. Досанов.
Сонымен қатар салтанатты жиналыста Бас директор «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС атқарушы директоры Б.Т. Мәреновты 50 жас мерейтойымен құттықтап, Құттықтау хат пен бағалы сыйлық табыстады.