13 сәу.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Серіктестігі Кәсіподақ ұйымымен бірлесіп сенбілік өткізді
2024 жылдың 13 сәуірінде Серіктестік Жергілікті кәсіподақпен бірлесе отырып сенбілік ұйымдастырды. Серіктестік жұмысшылары Алматыдағы №162 С.Байжанов атындағы мектеп-гимназиясының аумағына жеміс беретін және жапырақты ағаштарды отырғызуға күш салды
Сенбі күні таңертең таңертеңгі ұйқының орнына адамдар мектепке келіп, тырмамен және күрекпен, сыпырғыштармен және сөмкелермен қаруланып, бірлесе отыра жұмыс атқарды. Қызметкерлердің күшімен аумақты жинау, ағаштарға арналған шұңқырларды қазу, мектептің жасыл аймағында алма ағаштары мен шаған ағаштарын отырғызу жүзеге асырылды.
Сенбілікке бас директор Тянь Айминь мен бас директордың бірінші орынбасары Рзиев Сәбит қатысты. 40-қа жуық адам қаланы көгалдандыруға жеке үлестерін қосып, тату-тәтті еңбек етті. Олардың әрқайсысы Серіктестік қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында кейіннен өз еңбектерінің жемісін көре алатын мектеп оқушылары туралы ойлады.
Сенбілікті аяқтағаннан кейін мектеп директоры С.И.Сайдикеева балаларға қамқорлық танытқандықтары және атқарған жұмыстары үшін барлығына алғысын білдірді. Соңында директор мектеп бойынша экскурсия жүргізіп, мектеп жанындағы сыныптарды, кітапхана мен мұражайды көрсетті.
Біздің жұмысшыларымыздың бос уақыттарын аямай көрсеткен бастамасы мен белсенділігі – өзге азаматтар үшін жақсы үлгі болып табылады. Сана мен еңбекқорлық әрқашан адами қасиеттердің басты критерийі болады. Бірлескен жұмыс адамдардың жақындасуына ықпал етеді және және әрбір адамға өзін қоғам үшін қажетті және маңызды сезінуге мүмкіндік береді.