24 мау.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның 25 жылдығына арналған Спартакиада

Шымкент қаласында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 25 жылдығына арналған Спартакиада өтті. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның барлық құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарынан 17 команда мықты спортшылар атағы үшін күресті.


17-20 маусым аралығында Шымкент қаласында «ҚазТрансОйл» АҚ барлық құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының 17 командасы арасында финалдық ойындар өтті. Үш күн бойы 540 қатысушы ең мықты спортшылар атағы үшін күресті. Финалдық ойындар спорттың 10 түрін қамтыды: мини-футбол, баскетбол, волейбол, үлкен және үстел теннисі, жеңіл атлетика, тоғыз құмалақ, шахмат, арқан тарту.


«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС — жарыстың тұрақты қатысушысы.

Жаңалықтарға оралу