22 шіл.
Серіктестік тұтынушылар алдында есеп берді
2022 жылғы 21 шілдеде «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС 2022 жылдың І-інші жарты жылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша ішкі нарыққа «Кеңқияқ – Құмкөл» магистралдық құбыры арқылы мұнай айдау жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында бекітілген инвестициялық бағдарламаның және бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті ұсыну бойынша Тыңдау өткізді. Серіктестіктің есебі жария тыңдау түрінде өтті.
Тыңдауға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері, жүк жөнелтушілердің өкілдері, сондай-ақ Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Есеп «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес ұсынылды.