14 шіл.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша кеңейтілген жиналыс

13 шілдеде «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Бас директоры А. Танатаровтың төрағалық етуімен «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-да2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша кеңейтілген жиналыс өткізілді.


Жиналыс барысында бірінші жарты жылдығындағы Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы шығарылып, 2016 жылдың екінші жарты жылдығына міндеттер белгіленді.


Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері басшылары өндірістік объектілердегі еңбекті қорғау, оршаған ортаны қорғау және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша есеп берді. КСД директоры 2016 жылдың 2-тоқсанында Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің КРІ жоспарын орындауын қорытындылады.


Жиналыс аяқталғаннан кейін Серіктестік Бас директоры компания қызметін қорытындылап, 2016 жылдың екінші жарты жылдығына бірнеше тапсырмалар берді.

Жаңалықтарға оралу