8 шіл.

Серіктестіктің кеңейтілген аппараттық жиыны


2015 жылғы 8 шілдеде «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Бас директоры Д.Досановтың төрағалығымен  кеңейтілген аппараттық жиын өтті. 

Жиын Серіктестіктің бірінші жарты жылдықтағы қаржылық-шаруашылық қызметтің қорытындысы және 2015 жылдың екінші жарты жылдықтың міндеттеріне арналды. 

Серіктестіктегі құрылымдық бөлімшелердің басшылары еңбекті, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік нысандардағы, мұнай тасымалдаудағы, өндірістік қызметтегі, қаржылық-шаруашылық қызметтегі өрт қауіпсіздігі бойынша есеп берді.    

Жиын соңында Серіктестіктің  Бас директоры компанияның бірінші жарты жылдық қызметінің қорытындысын шығарды және осы жылдың екінші жарты жылдықтағы міндеттерді атап өтті.


Жаңалықтарға оралу