12 мам.
Құрметті демалысқа шығарып салу
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС ұжымы қырық жылдан астам өмірін мұнай саласына арнаған, ең тәжірибелі қызметкерлердің бірі, өз ісінің шебері, Свидерский Виктор Райгнатович еңбек демалысына шығарып салды.
Свидерский өзінің еңбек жолын 1979 жылы Транссібір магистральдық мұнай құбырлары басқармасында қосалқы жұмысшы болып бастады.
2007 жылдан бастап Виктор Райгнатович Серіктестікте жұмыс істеді. Ол Атасу-Алашанькоу магистральдық мұнай құбырының негізгі объектілерін, оның ішінде «Алашанькоу» мұнай есепке алу торабының құрылысына және пайдалануға беруге белсенді түрде ат салысты.
2016 жылдан бастап Виктор Свидерский Серіктестіктің өндірістік персоналы 8-МАС өндірістік учаскесінің ауысым инженері лауазымында қызмет атқарды.
2020 жылы мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Виктор Свидерский III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.
Серіктестік бас директорының бірінші орынбасары Нұржан Сұлтанәлиев іс-шара иесін құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, оның жоғары кәсіби және адамгершілік қасиеттерін атап өтті. Ол көп жылғы адал еңбегі үшін алғыс айтып, зор денсаулық пен отбасының амандығын тіледі.