31 қаз.

2023 жылдың 9 айындағы қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындысы бойынша кеңес өткізілді

2023 жылғы 30 қазан күні «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ында Серіктестіктің 2023 жылдың 9 айындағы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары және ағымдағы жылдың соңына дейінгі басым міндеттері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Кеңеске Серіктестіктің бас директоры Тянь Айминь төрағалық етіп, сөз сөйледі, бас директордың бірінші орынбасары Рзиев Сәбит, бас директордың жетекшілік ететін орынбасарлары, сондай-ақ Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.


Өз есептерінде блоктар мен құрылымдық бөлімшелердің тиісті басшылары жетекшілік ететін мәселелер бойынша, оның ішінде HSE, Серіктестіктің негізгі, коммерциялық, өндірістік және қаржы-экономикалық қызметі шеңберінде 2023 жылдың 9 айында атқарылған қызмет қорытындыларын ұсынды, сондай-ақ жыл соңына дейінгі негізгі міндеттерді атап өтті. Оның ішінде кеңесте Алашанькоу қаласындағы Серіктестік Филиалының есебі тыңдалып, жүргізілген сыртқы және ішкі аудиттердің, сондай-ақ өткен кезеңдерде берілген хаттамалық тапсырмалардың нәтижесінде берілген ұсынымдардың орындалуы бойынша ақпарат ұсынылды.


Серіктестіктің бас директоры 2023 жылдың соңына дейін басым және негізгі міндеттерді айқындай отырып, кеңейтілген кеңесті қорытындылады, сондай-ақ тапсырмаларды уақтылы орындау қажеттілігіне баса назар аударды.


 

Жаңалықтарға оралу