9 мау.
«Қоршаған орта саласындағы жаңашылдықтар туралы» жиын өткізілді
2023 жылғы 8 маусымда «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС кеңсесінде «Қоршаған орта саласындағы жаңашылдықтар туралы» тақырыбы бойынша жиын өтті, оған «ҚазТрансОйл» АҚ, «МұнайТас» СБҚК» ЖШС өкілдері және компания қызметкерлері қатысты.
Жиында Бас директор Тянь Айминь сөз сөйледі. Өзінің алғы сөзінде: «Бұл жиын 5 маусымда әлемде атап өтілетін Дүниежүзілік Қоршаған Ортаны Қорғау күніне арналған. 1973 жылдан бастап БҰҰ басшылығымен бұл іс-шара ең ірі экологиялық платформаға айналды. Дүниежүзілік Қоршаған Ортаны Қорғау күнін жыл сайын атап өту қоғамның назарын табиғат мәселелеріне аударуға көмектеседі және адамның бұл мәселелерге деген көзқарасын өзгертудің шұғыл қажеттілігін айрықша көрсетеді», – деп атап өтті.
Келесі кезекте Бас директордың бірінші орынбасары Рзиев Сәбит сөз сөйледі. Өз сөзінде өткізілетін жиынның маңыздылығы мен мәнділігін айтып кетті, қызметкерлерді қоршаған ортаны қорғау мен өндіріс қауіпсіздігіне байыпты қарауға шақырды. Қорытындылай келе, ол осы іс-шараға шақырылған сарапшыларға қоршаған орта туралы білімдерімен бөліскені және алмасқаны үшін ерекше алғысын білдірді.
Жиын барысында Серіктестік қызметкерлеріне блиц-сауалнама жүргізілді, «ҚР Экологиялық кодексі және жоспарланған түзетулер» («МұнайТас» СБҚК» ЖШС Е, ҚОҚ және ТЖ қызметінің менеджері Садықова Алтын), «Қоршаған орта саласындағы жаңашылдықтар» («ҚТО» АҚ ҒТО жобалау және нормалау бөлімінің бас маманы Темірова Айман) презентациялары, сондай-ақ берілген тақырып бойынша бейнематериалдар көрсетілді.