21 сәу.

Серіктестік тұтынушылар алдында есеп берді

2023 жылғы 20 сәуірде «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС қызметкерлері 2022 жылғы тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында Кеңқияқ-Құмкөл магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнайды ішкі нарыққа айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуы туралы Есептің тыңдалымын өткізді. Серіктестіктің Есебі жария қарау түрінде өткізілді.


Тыңдауға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері, сондай-ақ Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.


Бұл есеп «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес жүргізілді

Жаңалықтарға оралу