15 желт.

Атасу – Алашанькоу мұнайқұбыры толық қуатқа шықты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мейрамы қарсаңында Қарағанды және Алматы облыстарында «ҚазТрансОйл» АҚ және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС екі мұнайайдаушы станция – МАС №8 және МАС №10 пайдалануға берді.


Атасу – Алашанькоу  экспорттық мұнайқұбыры бойында орналасқан  жаңа станциялар оны толық жобалық қуатқа  - жылына 20 млн тоннаға шығаруға арналған.


Атасу – Алашанькоу  мұнайқұбырының иесі «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС болып табылады, ол ҚР-ның магистральді мұнайқұбырының ұлттық операторы «ҚазТрансОйл» АҚ және  CNDOC қытай компаниясының бірлескен кәсіпорыны.  Атасу – Алашанькоуды  іске қосқан 2006 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ол арқылы  Күншығыс еліне 52,1 млн тонна мұнай тасымалданды. Осы жағдайда құбырдың қуаты 2006 жылғы 2,2 млн. тоннадан  2012 жылы 10,4 млн тоннаға дейін өсті.


Атасу – Алашанькоу  мұнайқұбыры құрылысы екі кезеңге бөлінетін Қазақстан-Қытай  магистральді мұнайқұбыры жалпы жүйесінің бөлігі болып табылады. Бірінші кезең шегінде Кеңқияқ – Атырау (2003 жыл) және Атасу – Алашанькоу (2006 жыл) мұнайқұбырлары салынды. Екінші кезеңді жүзеге асыру өзіне бар жүйенің өткізу қабілетін екі есе арттыруды қамтиды және 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мұнай мен газ саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге сәйкес жүруде.


Екі МАС-ты пайдалануға берудің салтанатты рәсімінде Майрамбай Қожанов - бас инженер – «ҚазТранс­Ойл» АҚ Шығыс филалы директорының бірінші орынбасары атап өткендей жаңа өндірістік объектілерді  іске қосу келесі жылы Қытай Халық Республикасы бағыты бойынша Атасу – Алашанькоу  мұнайқұбырының өткізу қабілетін жылына 12 млн тоннадан 20 млн. тоннаға дейін өсіреді.


Жаңа МАС-тардың іске қосылуының экономикалық маңыздылығымен қатар әлеуметтік құрамы да бар, өндірісте 124 жаңа жұмыс орыны ашылғанын атап өткен дұрыс. Еңбекке тарту құқығы негізінен жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары алды. Мұнай айдау станциясының ашылу мерекесіне МАС №8-дің барлық ұжымы қатысты. Жұмыскерлер өз өңірінде пайда болған жаңа кәсіпорынның келешегіне мол үміт артатындықтарын жасырмады. Солардың бірі МАС №8-дің маманы ағадырлық  Ермек Зейдин -  технологиялық жабдықтарды жөндеу жөнінде темір ұстасы болды. Ол небәрі 21 жаста, дегенмен, жастығына қарамастан жас жұмысшы өзінің үлкен отбасына көмектесіп, алдына батыл жоспар қойып отыр.


Осы жазда мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанындағы технологиялық колледжді бітірдім. Онда мен мемлекеттік грант бойынша оқып, «Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау» маманы болып шықтым. Мен осында, МАС №8-де, туған Ағадырымның жанынан өз мамандығым бойынша жұмыс таптым. Менің жолым болды. Мені «ҚазТрансОйл» бағдарламасына ендірді. Сол бағдарламаға сәйкес станцияда жұмыс атқаруға жергілікті халықтарды қабылдау керек. Менің барлық курстастарым мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты деп айта алмаймын. Ал мен өз мамандығым бойынша ары қарай дамуға мүмкіндік алдым. Маған біздің ұжым, ауысымдық лагерде тұру жағдайы өте ұнайды, әрине, еңбек ақысы да өте лайықты. Алдыма жаңа үй салып, шаруашылықты көтеруді, әрине сосын үйленуді жоспарлап отырмын. Несін айтасыз, мен кәзір Ағадырдағы қыздар қызығатындай бозбаламын,- дейді Ермек Зейдин.


Әрине, станцияның барлық персоналдары жергілікті тұрғындар емес. Көптеген мамандар, әсіресе тиісті біліктілік пен білімі бар инженерлер басқа өңірден келді және олар ауысымдық әдіс арқылы қызмет атқарады.


Сондай-ақ,  Майрамбай Қожанов: «Жаңа станцияны іске қосудан бұрын МАС-қа қабылдаған барлық қызметкерлер сәйкес оқулардан өтіп, басқа жұмыс объектілерінде тиісті тәжірибе жинақтады. Жаңа МАС ашу сәтінде барлық персоналдар жұмысқа дайын болып, кәсіби рұқсат алды және өздерінің міндеттеріне бірден кірісіп кетті»,- деп атап өтті.  


Станция құрылысын қаржыландыруды «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүргізді. Жұмыстар бір жыл көлемінде жүріп, нақты шығыстар (ҚҚС-ны қоспағанда) МАС №8 бойынша 9,3 млрд. теңге, МАС № 11 бойынша – 11,6 млрд. теңгені құрды. Объектілер заманауй автоматтандырылған диспетчерлік бақылау және басқару (SCADA) жүйесімен, электр энергиясын коммерциялық есепке алу (АСКУЭ), өрт және газ дабылдарымен  жабдықталған.


Жобаның табысты аяқталуына орай, біздің компания атынан екі ел үкіметінің әр түрлі деңгейдегі басшыларына, «ҚазМунайГаз»АҚ басшыларына, акционерлерге алғысымды білдіремін,- деді  ГоИ - «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ның бас директоры,- сонымен қатар жобалау мен құрылыс-монтаждау жұмыстарына тікелей қатысқан ұжымға ерекше ризашылығымды білдіремін. Әсіресе, еңбектегі табыстары арқылы едәуір үлес қосып, бізді жақсы нәтижеге жеткізген Бас мердігерлер «ҰМҚК «ҚазСтройСервис» АҚ және «ЧППИ Қазақстан» ЖШС-ны атап өткім келеді.


МАС құрылысына бірнеше қосалқы мердігерлер, сонымен қатар қазақстандық мердігерлер де қатысты. Сорғы станциясы, операторлық, өртке қарсы депо, дизельді электр энергиясымен қамтамасыздандыру, буландырғыш, шаруашылықтық кешендер, асхана – осылардың барлығы кешен құрамына кіреді. Жобалау кезінде ақ объектіге өндірісте қолданылатын жаңа технологиялар салынған болатын. Жобаның құрылыс кезіндегі және оны келешек пайдалану барысындағы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді.


Бұдан бөлек, құрылыс барысында компания Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуіндегі – «тек жаңа жұмыс орындарын ғана ашып қоймай, сонымен қатар тіпті дағдарыс кезінде керек болатын жаңа мамандық алуға мүмкіндік берген жөн»,- деген тапсырмасын басшылыққа алдық. 


Айта кету керек, «ҚазТрансОйл» АҚ жылдан жылға ірі көлемдегі жобаларды жүзеге асыруда өз міндеттерін орындап қана қоймай, сонымен қатар кез келген бастамаларын табысты аяқтауда.


Бұл жыл сайын мұнай айналымы мен таза кіріс көрсеткіштерінің  тұрақты түрде өсуі, Қазақстан Республикасының магистарльді мұнайқұбыры бойынша елдің ұлттық операторы мәртебесіне жетуі, «Халықтық IPO» бағдарламасына табысты қатысы, мұнайды тасымалдау қызметін көрсету саласында жаңа серіктестерді тарту және бақа да көптеген жетістіктер.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мейрамы қарсаңында екі МАС-тың ашылуы «ҚазТрансОйл» АҚ-ны сенімді де келешегі бар, даму басымдылығын дұрыс қоя білетін және өзінің басты қызметі – тұтынушыларға мұнайды үздіксіз және уақытында   тасымалдайтын серіктес ретінде беделін арттырады. 

Жаңалықтарға оралу