16 қыр.
Бас директордың экономика жөніндегі орынбасары тағайындау
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-да кадрлық өзгерістер болды.
Серіктестік жұмыскерлерінің «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Досанов Димаш Ғабитұлының қатысуымен болған жиналысында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Бас директорының экономика жөніндегі жаңа орынбасары Махин Жайық Түгелұлы таныстырылды. Бұрын осы лауазымда болған Берлібаев Мадияр Әмірбайұлы «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Сонымен қатар, басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Бас директорының орынбасарыБерлібаев Мадияр Әмірбайұлы басшылық атынан пайдалану жөніндегі атқарушы директор Маренов Бекайдар Төлегенұлын Серіктестіктің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа істе барлық игіліктер мен табыстар тіледі.