11 қыр.

Күз ортасындағы мереке

Чжунцюцзе күз ортасындағы мерекесі  (中秋节 Zhōngqiū jié) – Қытайдың ең басты дәстүрлі мерекелерінің бірі. Чжунцюцзе қытайдың ай күнтізбесі бойынша 8-ші айдың 15-ші күнінде, ай ерекше дөңгелек және әдемі болған кезде атап өтіледі. Бастапқыда бұл егін жинау мерекесі болды: дәл осы кезеңде егін жинау науқаны аяқталып, молшылық кезеңі келеді, сөйтіп жақсылап демалуға болады. Бүгінде мерекенің мәні – отбасының бірлігі. Осы күннің қарсаңында Серіктестік кеңсесінде жылы әрі көңілді атмосферада мерекелік іс-шара аталып өтті. Іс-шараға «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директоры Цянь Ялинь, бас директордың бірінші орынбасары Нұржан Сұлтанәлиев және блок басшылары қатысты.


Цянь Ялинь Серіктестік қызметкерлерін ай күнтізбесі бойынша күздің ортасында болатын мерекемен құттықтап, барлығына денсаулық, амандық және отбасылық бақыт тіледі.


«Бұл – әдетте қытайлар өз отбасыларымен бірге жиналатын ерекше мереке. Өкінішке орай, біздің жұмыскерлер қазір туыстарынан алыста және олардың жанында болуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біз бұл мерекені ұйымдастырып, оны сіздермен бірге қарсы алуды жөн көрдік, өйткені Серіктестік олардың ортақ отбасының бір бөлігі», - деп атап өтті Цянь Ялинь.

Жаңалықтарға оралу