29 қыр.

Қызметкерлеріміз «Жаса, қазақ тілі!» фестиваліне қатысып қайтты

2014 жылғы 24-25 қыркүйекте Шымкент қаласында  «ҚазТрансОйл» АҚ және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі «Бір ел – бір кітап» атты республикалық акция шегінде, бірлесе отырып ұйымдастырған, екі күндік «Жаса, қазақ тілі!» фестивалі өтті.


Биыл бірінші рет мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және көрнекті қоғам қайраткері  Сайын Мұратбековтың шығармашылығына арналған  фестиваль ұйымдастырылды.


Оңтүстік Қазақстан облысының опера және балет театры сахнасында өткен фестивальда компанияның әртүрлі құрылымдық бөлімшелері атынан алты команда қатысты:   «Астана» (Орталық аппарат), «Шаңырақ» (Шығыс филиалы, Жезқазған), «Алатау» («Ғылыми-техникалық Орталық» филиалы, Алматы), «Алмалы» («Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, Алматы), «Шатты шаңырақ» (Батыс филиалы, Атырау), сонымен қатар «АиТи Арландары» («Ұжымдық пайдалануды есептеу орталығы» филиалы, Астана).  Айта кетсек, кәзір ҚТО өз қызметін Қазақстанның 10 облысында жүргізуде, оның  әртүрлі учаскелері мен  объектілерінде  8 мыңнан астам қызметкер жұмыс жасайды. 


Жеңіске деген шексіз сенімі үшін «Жігерлі топ» номинациясы бойынша  екі команда белгіленді: «Алмалы» және «Шатты шаңырақ».  «Келiстi киiм» номинациясы бойынша ең үздік шыққан «Алатау» командасы болса,  «Шаңырақ» командасы — «Өнерлі өрендер» номинациясы бойынша топ жарды . Грамоталармен бірге қатысушыларға заманауи электронды планшеттер ұсынылды.  Фестиваль соңында компания қызметкерлері опера және балет театры сахнасында әртүрлі сахналық қойылымдар көрсетті. 

Жаңалықтарға оралу