25 мау.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС командасы спартакиадаға қатысып қайтты

Қарағанды қаласында «ҚазТрансОйл» АҚ компаниясы топтарының қызметкерлері арасында  Спартакиада өтті. 

Биылғы спорттық сайыстар Қазақстан Республикасының құбыр көлігінің 80 жылдығына арналды.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС  қызметкерлері спорттың барлық алты түрі, атап айтқанда футбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, жүзу және арқан тарту бойынша жарысқа түсті.

Серіктестік командасынан бөлек Спартакиадаға «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратының, «ҚазТрансОйл» АҚ  Батыс және Шығыс филиалдарының,  «СЗТК «Мұнайтас» АҚ және «Batumi Terminals Limited» компаниясының өкілдері қатысты.

 

 

Жаңалықтарға оралу