18 мау.

ҚҚҚ қызметкерлерімен кездесу өтті

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-де 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясына арналған кездесу өтті.1 шілдеде еліміздің жаңа Негізгі заңы күшіне енеді, сондықтан оның негізгі ережелері мен жаңалықтарын түсіндіруге ерекше көңіл бөлінді. Алматы қаласы Әділет департаментінің қолдауымен Серіктестік қызметкерлерінің алдында Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары Лейла Рамазанова мен Анжелика Рахимбердина сөз сөйледі. Олар Конституциядағы маңызды өзгерістер, олардың практикалық маңызы туралы айтып, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жаңалықтарға оралу