15 мау.
ҚҚҚ «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өндірістік объектілерді көгалдандыруды жалғастыруда
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС «Таза Қазақстан» бағдарламасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарлар шеңберінде экологиялық іс-шараларды іске асыруды жалғастыруда.
Мәселен, 2024 жылы Ақтөбе облысындағы «Шалқар» ТДҚҚҚТ және «Кеңқияқ» БМАС объектілерінің аумақтарына өңірдің климаттық жағдайларына бейімделген ағаштар отырғызылды.
Көгалдандыру жұмыстары 2025 жылы Абай және Жетісу облыстарындағы объектілерде жалғасты. Экологиялық іс-шаралар аясында 10-МАС және 11-МАС аумақтарында бөртегүл, үйеңкі, шие, алмұрт және алма ағаштарының көшеттері отырғызылды.
2026 жылы жасыл желектерді күту және аумақтарды көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Отырғызылған ағаштар мен бұталар өндірістік нысандарды безендіріп қана қоймай, қолайлы ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-нің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасына қатысуы - компанияның корпоративтік экологиялық саясатының маңызды бөлігі.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаның жай-күйі үшін азаматтардың жауапкершілігін арттыруға, аумақтарды абаттандыруға, елді мекендерді көгалдандыруға және табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған.