23 қаң.

Бейжіңде «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мен SPI басшылығы кездесті

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС басшылығы Бейжіңге жұмыс сапарымен барып, онда SPI бас директорының орынбасары Цзин Цинго мырзамен және SPI бас директорының орынбасары, HSE жөніндегі басқарушы директор Чжан Пэн мырзамен кездесті. Кездесу барысында тараптар өткен жылдың қорытындысы мен 2020 жылға арналған жоспарларды талқылады.


ҚҚҚ бас директоры Цянь Ялинь SPI басшылығына Серіктестікті дамытуға бағытталған көмегі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.


Кездесуге қатысушылар SPI-дің шетелдік мұнай және газ жобаларының орталық диспетчерлік пунктінде және SPI корпоративтік мәдениетінің көрме залында болды.


 


 



 

Жаңалықтарға оралу