4 нау.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай тасымалдау кезінде электр энергисын тұтынуды төмендетті

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС операциялық тиімділікті  арттыруға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған дәйекті іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда.


2025 жылдың қорытындысы бойынша ЖШС мұнай тасымалдау кезінде электр энергиясын тұтыныудың төмендегенін тіркеді. Оңтайлы технологиялық жұмыс режимдерін қолдану арқылы оң динамикаға қол жеткізілді. Бұл режимдер 1 км-ге  1 тонна тасымалдау кезінде энергия үнемдеу динамикасын жақсартуға мүмкіндік береді.


Мұнай тасымалдау бойынша электр энергиясын тұтыну көлемі.


2024 жыл - 52,894 млн кВт· сағ


2025 жыл - 49,255 млн кВт· сағ


Осылайша, электр энергиясын тұтыну өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. Электр тұтынудың қысқаруы энергия тиімділігінің негізгі көрсеткішіне де әсер етті.


Мұнай жүк айналымына жұмсалатын электр энергиясының меншікті шығыны (мың.кВт.сағ./млн.тг-км):


2024 жыл — 4,89


2025 жыл — 4,55


Электр энергиясын тұтынудың меншікті шығынының төмендеуі өндірістік процестердің энергия тиімділігінің артуын және мұнай тасымалдаудың технологиялық режимдерін басқарудың ұтымды тәсілін  растайды.


Photo_16.jpeg

Жаңалықтарға оралу