21 желт.
Қытай Халық Республикасының орталық CCTV телеарнасына сұхбат
Қытай журналистері «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында Қазақстанға келіп кетті.
CCTV телеарнасының тілшілері Бас директордың орынбасары М.Берлібаев пен Кадр саясаты департаментінің директоры О. Ыдырысовтан сұхбат алды.
Сұхбат барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатнас,екі ел арасындағы экономикалық байланыстар, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ның екі жақты дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ Серіктестіктің әлеуметтік саясаты сияқты тақырыптар қозғалды.
CCTV телеарнасының теле жобасы эфирге 2016 жылдың жазында шығады және Қытай Халық Республикасының барлық аумағына көрсетілетін болады.