29 қыр.

Серіктестіктің 125 қызметкері қаржылай шығынсыз біліктіліктерін арттырды

Құжаттармен жұмыс істей білу, оның ішінде іскерлік хаттарды жазу - кез келген ұйымның қызметкерлерге қоятын аса маңызды біліктілік талаптарының бірі. 


Іскерлік хат -  қарым-қатынастың  ең кең тараған және қол жетімді  түрі. Хаттың қалай жазылып, қалай рәсімделгені қызметкердің іскери беделінің ғана емес, білдей бір ұйым деңгейінің көрінісі болуы мүмкін. 


«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-де құжаттармен жұмыс жасау сапасын арттыру мақсатында Басқарма шешімімен (2016 жылғы 22 қарашадағы №26-2016 хаттама) Серіктестікте Құжаттау және құжаттарға иелік ету ережелері әзірленіп бекітілді.  


Құжаттау қағидалары ағылшын тіліне де аударылып, кітапша болып басып шығарылды.


2017 жылы Кеңсе қызметкерлері Құжаттау қағидалары бойынша  бірқатар таныстырылымдар дайындап өткізді. Оған қоса, Серіктестіктің әр құрылымдық бөлімшелерінде негізгі құжаттарды дайындау мәселелері бойынша консультациялық оқытулар жүргізілді: іскери хаттар, бұйрықтар, актілер, хаттамалар, сенімхаттар және оларды жазу, рәсімдеу, келісу және аудару техникасы бойынша басқада құжаттар, сонымен қатар құжаттармен жұмыс жасаудағы орындаушылық тәртіп тақырыбы да қамтылды.


Серіктестік қызметкерлерінің Құжаттау және іс жүргізу мәселелері бойынша білімдерін бекіту және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-дегі Құжаттау және құжаттарға иелік ету ережелері бойынша тестілеу жүргізу туралы» 2017 жылдың 18 тамызындағы №24/48 бұйрығын орындау мақсатында, Кеңсе тест тапсырмаларының 3 нұсқасын жауаптарымен бірге дайындады (барлығы 90 сұрақ және оларға 270 жауап).


Бекітілген кестеге сәйкес, 2017 жылдың тамыз айында Серіктестіктің барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тестілеу жүргізілді. Әр қызметкер  тесттің 1 нұсқасына жауап берді (30 сұрақ).


Тестілеуге Серіктестіктің 125 қызметкері қатысты. 


Тестілеу жүргізу бойынша талдау келесі нәтижелерді көрсетті (дұрыс жауаптар):  


68 қызметкер - 30 балл;


28 қызметкер - 29 балл;


16 қызметкер - 28 балл;


7 қызметкер - 27 балл;


5 қызметкер - 26 балл;


1 қызметкер - 23 балл.


Серіктестіктің үздік көрсеткіш көрсеткен құрылымдық бөлімшелері:


Қазынашылық департаменті (орташа балл - 30);


Тарифтік реттеу департаменті (орташа балл - 30);


Заң департаменті (орташа балл - 29,8);


Бюджеттеу және экономикалық талдау департаменті - (орташа балл - 29,8);


Серіктестік басшылығының хатшылығы (орташа балл - 29,7);


ТПАБЖ және байланыс департаменті(орташа балл - 29,6). 


Бас директордың бірінші орынбасарының кеңесшісі  Г.А. Сауранбаева - 45 минут ішінде (30 сұраққа жауап беруге арналған уақыт) тесттің үш нұсқасына жауап берді (90 сұрақ), тест нәтижесі - 87 дұрыс жауап.


Бұдан бөлек, тестке Қытай азаматы, Серіктестік Е ҚО Қ және ТЖ департаментінің менеджері Ван Цзюнь  қатысып, сынақтың 30 сұрағына да  дұрыс жауап беріп, 30 балл алды.  


Бюджеттеу және экономикалық талдау департаментінің іс жүргізушісі Мыңбаева Арай негізгі жұмысынан бос уақытында әріптестеріне тестке дайындалуға көмектесіп, іс жүргізу мен құжаттарға иелік етуге қатысты күрделі сұрақтар бойынша кеңес берді. Нәтижесінде, департаменттің 4 қызметкері 30 балл, 1 қызметкер 29 балл алды.                   


Сондай-ақ, Серіктестіктің сырқаттанып қалған, еңбек немесе оқу демалысында болып, кесте бойынша тестке қатыса алмаған қызметкерлері үшін қосымша үш тест өткізілді.


Құжаттармен жұмыс жасай білу әрбір қызметкердің тек қана кәсібилік және іскери мәдениеттілігінің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар, Серіктестіктің іскери беделінің көрінісі болып табылатынын ескере отырып, Серіктестікке жаңадан қабылданған  қызметкерлерге айына  1  рет іс жүргізу мәселелері бойынша оқыту шараларын өткізіп отыру керектігі жөнінде шешім қабылданды. 


Серіктестіктегі Құжаттау және құжаттарға иелік ету ережелерінзерделеу бойынша кешенді шаралар аз уақыт аралығында Кеңсе қызметкерлерінің көмегімен компанияның 125 қызметкеріне іс жүргізу саласы бойынша кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік берді, оған қоса, жұмыс үдерісі мен қаржы шығындарын оңтайландыру кезеңінде аталмыш оқыту шаралары компания үшін қаржылай шығын келтірмеді.

Жаңалықтарға оралу