23 қаң.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директоры Тянь Айминь Серіктестік қызметкерлерін құттықтады

22 қаңтарда Қытайда ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл басталды.


«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директоры Тянь Айминь Серіктестікке Қатысушылар мен басшылықтың атынан Серіктестік ұжымына шын жүректен құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізді.


Өз құттықтауында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС басшысы бірлесе жұмыс істеуді жалғастыра беретіндігімізге және бүкіл ұжымның қолдауы арқасында алға ұмтыла беретіндігімізге сенім білдірді.


«Біз тамаша нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер тудыра отырып, Серіктестікті дамытуға қатысты мәселелерді шешу үшін бірлескен күш-жігер жұмсайтын боламыз», - деп атап өтті Тянь Айминь.

Жаңалықтарға оралу