9 нау.

«ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ҚҰБЫРЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП РЗИЕВ СӘБИТ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС ұжымына «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директорының жаңа бірінші орынбасарын таныстырды.


«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Қатысушыларының Жалпы жиналысының 2023 жылғы 6 наурыздағы шешімімен Рзиев Сәбит «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, сондай-ақ 2023 жылғы 7 наурыздан бастап «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Басқарма мүшесі болып сайланды.


Рзиев Сәбит тағайындалғанға дейін «ҚазТрансОйл»АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасының бастығы болған. Әр жылдары «Қазтрансойл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының бастығы, пайдалану департаментінің директоры, Атырау мұнай құбыры басқармасының бастығы, бас инженері – Батыс филиалының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.


«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директоры (Басқарма төрағасы) Тянь Айминь болып табылады.


«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС – «Кеңқияқ – Құмкөл» және «Атасу – Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырларын иеленуші, «ҚазТрансОйл» АҚ (50 %) мен China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd-ның (50%) бірлескен кәсіпорны.

Жаңалықтарға оралу