25 қар.

Экологиялық кодекс бойынша оқыту

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-да Экологиялық кодекс бойынша оқыту өтті. Сабақ барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен толықтыруларға ерекше назар аударылды.


Серіктестік қызметкерлері келесі мәселелерді пысықтады:


- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (өзгерістер мен толықтыруларды талдау, салыстыру);


- қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық реттеу қағидаты;


- экологиялық нормаларды «ластаушы төлейді» қағидатына сәйкес келтіру;


- жауапкершілікті және бақылауды күшейту (айыппұлдар және т. б.);


- рұқсат етілген шығарындылар мен төгінділер нормативтерінің талаптары (нұсқаулықтар, рұқсаттар әзірлеуді енгізу);


- эмиссиялар нормативтерінің жобасын әзірлеу жөніндегі талаптар (шекті жол берілетін ығыстырмалар және шекті жол берілетін шығарындылар), қалдықтарды кәдеге жарату бағдарламасын әзірлеу;


- мердігер ұйымдарға қойылатын талаптар;


- 2-санатқа арналған құжаттамаға қойылатын талаптар;


- болжамды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар.


Естеріңізге сала кетейік, ҚР жаңа Экологиялық кодексі 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.


Жаңалықтарға оралу