31 нау.

Дүрбелеңcіз

Таңертең «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС кеңсесінде дыбыстық хабарлауыш кенеттен іске қосылды. Динамиктерден шыққан дауыс ғимаратты шұғыл тастап шығуға шақырды. Осылайша азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар саласындағы оқулар мен жаттығулар басталды.


Өз қабаттарында эвакуациялауға жауапты жұмыскерлер арнайы шағылысатын көкірекшелерін киіп, адамдарды кеңседен шығара бастады. Қызметкерлер өз кезегінде өрт маскаларын өздерімен бірге ала шықты.


Қызметкерлерді эвакуация орнына жинау сәтті өтті. Жалпы, барлық қызметкерлер қойылған міндеттерді орындады.

Жаңалықтарға оралу